СТУДЕНТТЕРІМІЗ ҰЛТТЫҚ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОНГРЕСТЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Университетіміздің таланатты студенттері Қазақстанның медициналық ЖОО стоматология факультеті студенттерінің арасында өткен III Ұлттық Стоматологиялық Конгресте жүлделі орындарға ие болды.
Университет ректоры Жанар Темірбекова жеңіспен келген білімгерлерді арнайы қабылдап, құттықтады.
16-17 наурыз күндері Семей медицина университетінде алғаш рет жас стоматологтар мен студенттердің III Ұлттық конгресі өтті. Басты мақсаты – стоматологиядағы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды тереңдету және дамыту. Ал, негізгі міндеттері – қатысушылардың зерттеушілік, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, стоматологиялық дағдыларын жетілдіру.
Айта кетейік, конгреске «Стоматология» мамандығы бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының ең белсенді және үздік өкілдері қатысты.
Конгресте 9 университеттің жастары хирургия, терапия-рестабрация және ғылыми зерттеу (жоба қорғау) бағыттары бойынша өзара бақ сынасты.
Университетіміздің Стоматология факультетінің студенттері әрі «Шаңырақ» клубтар бірлестігіне қарасты «DAS YASAWI» стоматологиялық ассоцациясының мүшелері жүлделі орындармен оралды. Хирургия бағыты бойынша 5-курс студенттері Ақын Әли мен Айшенур Оздин 2-орынды, ал ғылыми жоба бойынша 5-курс студенті Иса Арыстан мен 3-курс студенті Мейірбек Жанізет 3-орынды жеңіп алды.
Жеңімпаз атанған білімді студенттеріміз шын жүректен құттықтаймыз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 