УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТҮРКИЯДАН ОРАЛҒАН ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Университет ректоры Жанар Темірбекова Түркияға ғылыми-мәдени іссапармен барып келген делегацияны қабылдады.
Кездесуге бір апта бойы Түркияның Ыстамбұл, Анкара, Невшехир, Каппадокия қалаларында іс-тәжірибе алмасып, белгілі жоғары оқу орындарында болған делегация мүшелері қатысты.
Жиында сөз бастаған ректор Жанар Темірбекова: «Оқу орда дәстүріне сай, соңғы жылдары Түркия Республикасына университетімізде адал қызмет етіп, даму жолында аянбай еңбек етіп жүрген әріптестерімізді жіберіп келеміз. Тек оқытушы-профессорлар құрамынан ғана емес, құрылымдық бөлімдер мен Шаруашылық бөлімде жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер де қамтылды. Мысалы, биыл алғаш рет Шаруашылық бөлімінің қызметкері іссапарға барды. Себебі, олардың да еңбегі ұшан-теңіз. Оқу ордамызда қызметкерлердің барлығы – бір жанұя!
Біз үшін ең маңыздысы – адам, адамгершілік қасиет пен әділеттілік. Түркияға барған әрбіріңіз адал еңбектеріңіздің нәтижесінде жеттіңіздер. Адал еңбек қашанда бағалы, құнды. Баршаңызға сол үшін алғысымды білдіремін!»,-деді.
Келесі кезекте делегация мүшелері іссапардан алған әсерлерімен бөлісті: «Ең алдымен, еңбегімізді бағалап, осындай ерекше сапар ұсынған университет басшылығына алғыс айтамыз. Іссапарға барушыларды іріктеу жұмысының әділетті өткені көңіл қуантады. Түркияның белгілі университеттерін аралап, олардың ғылыми және академиялық әлеуетімен таныстық. Іс-тәжірибе алмасып, жаңа ақпараттар алдық. Мәдени бағдарлама аясында Анкара, Невшехир, Ыстамбұл, Каппадокия қалаларындағы тарихи мұраларды тамашалау мүмкіндігіне ие болдық. Айтулы бағдарламаны ұйымдастырушыларға және оқу орда басшылығына тағы да ризашылығымызды білдіреміз»,-деді.
Ұжымның қуанышына толы болған басқосу соңында барлығы естелікке суретке түсті.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 