«AI-JAN» ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
AI-Jan жобасы – университеттің Коммерцияландыру офисі жүзеге асырып отырған YASAWI STARTUP бағдарламасы аясында әзірленген. Бұл жүйе мектеп оқушылары мен студенттерге эмоционалдық күйзеліс кезінде көмек беріп, буллингтің алдын алуға көмектеседі.
Іс-шараға ректор Жанар Темірбекова мен Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы м.а. Ғалымжан Орынов және Түркістан облысы Психологиялық қолдау орталығының директоры Оразкүл Қолдасова, сондай-ақ, Түркістан мен Кентау қалалары мен Сауран ауданының мектеп директорлары, білім беру ұйымдарының өкілдері және сала мамандары қатысты.
Басқосудың негізгі мақсаты – оқушыларға психологиялық қолдау көрсетуге және буллингтің алдын алуға бағытталған AI-Jan қауіпсіз онлайн-платформасын білім беру ұйымдарының өкілдеріне таныстыру. Білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылау.
Жиында сөз бастаған ректор Жанар Темірбекова: «Бүгінгі жиынның негізі – балаларымыз бен олардың болашағы. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары Цифрландыру және жасанды интеллект мәселесіне баса назар аударуда. Себебі, жасанды интеллект – қоғамдағы аса маңызды мәселелерді шешу үшін маңызды құрал болмақ. Осы тұста, бұл жүйелерді қалай жасаймыз, жасанды интеллектті қалай қолданамыз деген сұрақтар туындауы мүмкін. Біз – өңірдегі ірі жоғары оқу орны ретінде осы жауапкершілікті өз мойынымызға алдық. AI-Jan жобасы соның айғағы.
Өздеріңіз білетіндей қоғамда балалар арасындағы буллинг пен суицид тоқтаған жоқ. Сондықтан осы мәселелерге баса назар аудару қажет. Осы себепті буллингтің алдын алуға арналған жобамыз үшін білім беру мекемелері мен прокуратура өкілдері келіп отыр»,-деді.
Келесі кезекте, Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы м.а. Ғалымжан Орынов: «Бүгінгі таңда буллинг пен суицид мәселесі тек Түркістан облысы немесе елімізде ғана емес, дүниежүзінде күрделі болып тұр. Бұл бағытта өңірімізде психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Мамандарды арнайы дайындап, мектептегі мамандарға да тиісті нұсқаулықтар әзірленді. Бірақ, буллинг пен суицид факттері азаймай тұр. Сондықтан, осы бағытта көмекші құрал ретінде AI-Jan қауіпсіз онлайн-платформасын дайындаған университет мамандарына алғыс білдіремін»,-деді.
Сонымен қатар, Түркістан облысы Психологиялық қолдау орталығының директоры Оразкүл Қолдасова да айтулы платформаның көмегі мен қоғамға тигізер пайдасы туралы өз ойын бөлісті.
Форум барысында қатысушыларға оқушылардың психологиялық әл-ауқатын қолдауда жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану тәжірибелері ұсынылды. Білім беру ұйымдарында психологиялық қолдауды цифрландырудың жаңа бағыттары кеңінен таныстырылды.
Жиын соңында AI-Jan жүйесін білім беру ұйымдарында пилоттық режимде енгізу жолдары талқыланып, жобаны кезең-кезеңімен іске асыруға бағытталған өзара ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды 