ДӘСТҮРЛІ ХХХІV СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Бүгін оқу ордамызда қысқы мектеп аясында жылдағы дәстүрге сай оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер арасындағы факультетаралық Спартакиада басталды. Биыл спорт бәсекесі ХХХІV рет ұйымдастырылып отыр.
Сайыстың мақсаты –оқытушыларымыздың арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және денсаулығын нығайту, спорт түрлері бойынша университет құрама командасын жасақтау.
Ашылу салтанатында сөз бастаған Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректор Еділ Төлегенов: «Құрметті университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы! Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын оқытушыларға арналған спартакиадамыз басталғалы отыр. Бұл шараның дәл осы кезеңге жоспарлануы да бекер емес. Себебі студенттеріміз кезекті демалыста болған уақытта, оқытушылардың жарты жыл бойы атқарған еңбегінің арасында осындай спорттық жарыс өткізу – орынды шешім.
Спорт - бірінші орында тұрғанымен, бұл спартакиада бір-бірімізді жақыннан танып, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік беретін алаң. «Дені саудың – жаны сау» демекші, мұндай шаралар алдағы ғылыми-шығармашылық жұмысымыздың артуына да өз септігін тигізеді.
Ойынның басты мақсаты – бірінші орын алу емес, арамыздағы таныстық пен жолдастықты арттыру. Баршаңызға сәттілік тілеймін», – деді.
Спартакиадаға университет факультеттері, Түркістан Ахмет Ясауи колледжі, Кентау кампусы және Ректорат командалары қатысып жатыр. Қатысушылар 7 спорт түрінен: кіші футбол, волейбол (қыздар, ерлер), ату спорт түрі, тоғызқұмалақ, шахмат және арқан тарту жарыстары бойынша өзара сайысқа түседі.
Айта кетейік, тартысқа толы бәсеке бүгін кіші футболдан басталды. Спартакиада 29 қаңтарға дейін жалғасады.
Ақпараттық хат
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ясауитану ғылыми-зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Стоматология факультеті конкурс жариялайды
Университет жатақханаларында бос орындар бар екендігі туралы хабарлаймыз
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология және химия кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Лингвистикалық орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униврситеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Ішкі қауіпсіздік департаменті,Шаруашылық департаменті, Кентау кампусы конкурс жариялайды
Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі, Ғылымды дамыту бойынша жобалық кеңсе бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стратегиялық даму,рейтинг және стандарттау орталығы конкурс жариялайды 