ҚЫСҚЫ МЕКТЕП: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНДЕКСТЕЛЕТІН ЖУРНАЛДАРҒА МАҚАЛА ӘЗІРЛЕУ ТЕХНИКАЛАРЫ
Бүгін Қысқы мектеп аясында 3-модуль – «Халықаралық индекстелетін журналдарға мақала әзірлеу техникалары» тақырыбында өтті.
Ең алдымен, Экология ғылыми-зерттеу институтынан PhD, постдокторант Нұрсұлтан Мейрамбекұлы ғылыми нәтижелерге зияткерлік меншік құжаттарын рәсімдеу жолдары туралы мол мағлұмат берді.
Жиын барысында спикер ғылыми нәтижелерге қатысты зияткерлік меншік объектілерін қорғау мәселелеріне тоқталды. Ол зияткерлік меншіктің негізгі түрлерін, оның ішінде өнертабыс пен пайдалы модельдерге берілетін патенттердің құқықтық маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, патент алу рәсімі, өтінім беру тәртібі және сараптама кезеңдері туралы нақты ақпарат берді.
Нұрсұлтан Мейрамбекұлы өз сөзінде патенттің университет үшін маңызын ерекше атап өтті. Патент ғылыми қызмет нәтижелерін құқықтық тұрғыда бекітіп қана қоймай, оларды коммерцияландыруға, оқытушылардың ғылыми көрсеткіштері мен рейтингін арттыруға мүмкіндік беретінін баса айтты. Сонымен қатар, зияткерлік меншік саласындағы халықаралық келісімдер мен патенттік дерекқорлар ғылыми зерттеулерді дамытуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Қатысушыларға өнертабысты құқықтық тұрғыда сауатты рәсімдеу және оны қорғау бойынша нақты, практикалық бағыт-бағдар берді.
Ал, екінші баяндамашы, Экология ғылыми-зерттеу институтының PhD, постдокторанты Бекжан Қосалбаев «Өз басылымдарыңызды талдау: қай тақырыптар жұмыс істейді?» тақырыбында маңызды баяндама оқыды.
Баяндама барысында спикер микробиология, метагеномика, транскриптомика және метаболомика бағыттарындағы заманауи зерттеу әдістеріне тоқталды. Олардың экология, ауыл шаруашылығы және биотехнология салаларындағы практикалық маңызын түсіндірді.
Сонымен қатар, GC-MS және HPLC құралдары арқылы жүргізілетін химиялық және биологиялық талдаулар, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу тәжірибесі, ғылыми мақала жазу бойынша терең талдау жүргізді. Деректерді талдау және биоинформатикалық бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын кеңінен таныстырды.
Осылайша, бұл күн – қатысушыларға халықаралық индекстелетін журналдарға мақала әзірлеудің теориялық және практикалық қырларын терең түсінуге мүмкіндік берді. Спикерлер ғылыми нәтижелерді зияткерлік меншік тұрғысынан қорғау мен тиімді талдау арқылы зерттеудің сапасын арттыру жолдарын нақты мысалдармен көрсетті. Тыңдаушылар ғылыми еңбектерін халықаралық талаптарға сай дайындауға қажетті маңызды білім мен тәжірибе жинақтады. Өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 