ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ РАМАЗАН СТАМҒАЗИЕВ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ЛЕКЦИЯ–КОНЦЕРТ ӨТКІЗДІ
Айта кетейік, Рамазан Стамғазиев академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өнер, медиа және дизайн факультетіне арнайы келді. Ол Орындаушылық өнер кафедрасының «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығына бір апта бойы дәріс оқыды.
Жиын барысында алғашқы сөзді алған Рамазан Стамғазиев: «Құрметті әріптестер! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында осыдан он жыл бұрын сабақ берген оқу орнына қайта келдім. Басшылық пен оқытушылар құрамымен таныстым. Қабылдау өте жылы болды. Төрт күн ішінде студенттермен мазмұнды жұмыс жүргіздік. Студенттердің дайындығы мен белсенділігі көңіл қуантады. Университет басшылығына және оқытушылар құрамына алғыс білдіремін. Бүгінгі студенттер – ертеңгі жарқыраған жұлдыздар деп сенемін!»,-деді.
Лекция-концерт барысында студенттер бір аптада алған білімдерінің нәтижесін көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Рамазан Стамғазиев те домбыра шертіп, ән айтты.
Келесі кезекте, Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері вице-ректоры Еділ Төлегенов: «Мен ата-әженің тәрбиесін көріп өстім. Сыр бойы мен Қаратаудың бойындағы Теріскейде жүріп, терме тыңдап өстік. Бүгін студенттеріміз орындаған термелер мен әндер – қазақтың бай тарихы, тәрбиелік мәні жоғары мұра. Сіздің келіп, студенттеріміздің ән ырғағын түзетіп, сабақ бергеніңізге көп рақмет. Сізді халық өнеріне қызмет етіп жүрген азамат деп білеміз. Өнеріңіз өрлей берсін, «ұстаздан шәкірт озады» дегендей, шәкірттеріміз өркендеп, өсіп-өне берсін!»,-деді.
Сондай-ақ, Рамазан Стамғазиев оқу орда кітапханасына музыка өнеріне қатысты жаңа оқулықтар сыйлады. Атап айтқанда: Қазақстанның Халық әртісі, профессор Р. Стамғазиевтің еңбектері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Н. Жанпейсовтің оқу құралдары мен ҚР Мәдениет саласының үздіктері Ш. Даржанова, Мұрат және Талғат Әбілғазының кітаптарын тарту етті.
Белгілі әншінің университетімізге арнайы келуі шығармашылық ұжым мен талантты студенттерге шабыт сыйлады.
Ақпараттық хат
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ясауитану ғылыми-зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Стоматология факультеті конкурс жариялайды
Университет жатақханаларында бос орындар бар екендігі туралы хабарлаймыз
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология және химия кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Лингвистикалық орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униврситеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Ішкі қауіпсіздік департаменті,Шаруашылық департаменті, Кентау кампусы конкурс жариялайды
Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі, Ғылымды дамыту бойынша жобалық кеңсе бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стратегиялық даму,рейтинг және стандарттау орталығы конкурс жариялайды 