БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРІМІЗ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін университетте белсенді студенттердің қатысуымен V Ұлттық құрылтайда көтерілген ауқымды әрі өзекті мәселелерді талқылауға арналған арнайы кездесу өтті.
Кездесуге Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректоры Еділ Мейірбекұлы, Жастар саясаты департаментінің қызметкерлері, Студенттік Парламент, Студенттік деканат, сондай-ақ «Шаңырақ» студенттік клубтар координациясының белсенділері қатысты.
Іс-шара барысында ел дамуының басым бағыттары, жастар саясаты, білім беру сапасы, ұлттық құндылықтарды сақтау және заманауи қоғам талаптарына бейімделу мәселелері кеңінен талқыланды. Құрылтайда көтерілген бастамалар мен ұсыныстардың маңыздылығына ерекше назар аударылып, олардың жастар арасындағы рөлі сөз болды.
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректор Еділ Төлегенов ұлттық құндылықтарды жүйелі түрде сақтау және насихаттау, білім мен ғылымды дамыту, жас ғалымдарға қолдау көрсету, заң мен тәртіп қағидатын сақтау сынды өзекті бағыттарға тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, қоғам дамуына үлес қосудың нақты жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру, елдік мүдде жолында жауапкершілік алу мәселелері де қозғалды.
Аталған іс-шара студенттердің қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығын арттырып, олардың ел болашағына бейжай қарамайтын саналы тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 