ТАРИХШЫ ЖАНДОС ҚАРЫНБАЕВТЫҢ ДӘРІС САБАҒЫ ӨТТІ
Дәріске университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, сондай-ақ Түркістан қаласы мен облыстың зиялы қауым өкілдері қатысты.
Авторлық дәріс ғылымды, ұлттық бірлік пен берік этносаралық қатынастарды насихаттауға бағытталды.
Жиын барысында екі халықтың ұлы тұлғалары арасындағы тарихи байланыстар арқылы ел тарихы жаңа мазмұнда таныстырылып, тың тарихи деректер ұсынылды.
Дәрістің ғылыми негізін «Қазақстан поляктары: қалыптасу тарихы мен бүгіні» және «Қазақ-поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында» атты еңбектер құрады. Аталған зерттеулерде екі халық арасындағы тарихи сабақтастық нақты деректермен ашылды, танымал тұлғалардың өмір жолындағы өзара ықпалы толық бейнеленді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған дәрісте Шоқан Уәлиханов, Әлихан Бөкейханов, Қажымұқан Мұңайтпасов сынды тарихи тұлғалардың өмір жолындағы поляк жұртымен байланысты маңызды кезеңдерін талдады.
Жандос Қарынбаев қатысушыларға қазақ-поляк қарым-қатынасының тарихтағы маңызды сәттерін жан-жақты жеткізіп, екі халық арасындағы мәдени және тарихи сабақтастықтың мәнін сезінуге мүмкіндік берді.
Шара студенттер мен зиялы қауым үшін тек тарихи деректерді ұсынумен шектелмей, ұлттық бірлік пен өзара түсіністіктің маңыздылығын насихаттауға септігін тигізді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 