«ТҰРАН ТӨРІНДЕ» МЮЗИКЛІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Бүгін университетімізде оқу ордамыздың демеушілігімен түсірілген «Түркістан» телеарнасының ортақ жобасы – «Тұран төрінде» мюзиклінің көрсетілімі өтті.
Көрсетілім басталмас бұрын университетіміздің Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев аталмыш мюзиклдің түсіру мақсатына тоқтала келе түсірілім барысында еңбек еткен теле арна қызметкерлері мен түсірілімге қатысқан барша түлектерге, сонымен қатар, фильмнің идея авторы «Түркістан» телеарнасының басшысы Жанахмет Ағыбаевқа университет басшылығы атынан алғыс білдірді.
Мюзиклдің премьерасына қонақ ретінде келген Түркістан телеарнаның бас редакторы Жанна Жайлаубайқызы да түсірілім барысында кездескен қиындықтар мен қызықты сәттер жайында қысқаша аұпарат берді.
«Бұл құрылғанына небәрі 3 жыл толған «Түркістан» телеарнасы мен 30 жылдан астам тарихы бар университет арасындағы жақсы бір коллаборация болды деп ойлаймын.
Бұл фильмде осы оқу орданы бітіріп, әлемнің түкпір-түкпіріне тараған түлектердің университетке қайта келуі мен бас қосуы арқылы әдемі картинаны жеткізгіміз келді.
Айта кетерлігі, мюзиклдің кейіпкерлері осы университеттің түлектері. Ал фильмді дайындаған шығармашылық топтың 50%-дан астамы сіздердің студенттеріңіз бен журналистика мамандығының түлектері»,-деді Жанна ханым.
«Тұран төрінде» мюзиклі Ахмет Ясауи университетінің түлектеріне арналған ерекше жоба.
Мюзиклде 20 жыл бұрын университет қабырғасында қайта жүздесуге уәделескен түркі дүниесінен келіп оқыған студенттердің тарихы таспаланған. Түркістан телеарнасы журналистерінің Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстаннан келіп оқыған түлектерді іздеуге шығуы, түркі елдеріне ортақ құндылықтар мен мәдениетін дәріптеуі университетіміздің әлеуетін және осында оқып жатқан түркі әлемі жастарының ынтымақтастығын көпшілікке таныстыруы фильмнің мәртебесін көтерді.
Залда жиналған көрермен қауым мюзиклді жоғары бағалап, қошемет көрсетті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы, Дінтану кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті даму және үйлестіру департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 