УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫН ТАЛҚЫЛАУ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Бүгін оқу орда басшылығы, ОПҚ мен қызметкерлер қатысуымен университетіміздің Стратегиялық мақсаттарын талқылау мәжілісі өтті.
Стратегиялық сессияның мақсаты – Сыртқы және ішкі ортаның өзгеруін ескере отырып, университет стратегиясын нақтылау және жаңалау.
Еске сала кетейік, 24-қараша күні университетіміздің кітапхана залында Стратегиялық мұрат пен миссия мәлімдемесін талқылау мәжілісі өткен болатын. Жиынның жалғасы болған бүгінгі стратегиялық мақсаттарды талқылауда топ мүшелері маңызды тақырыптарды қозғады.
Ясауи университетінің миссиясы – Терең тарихтан жарқын болашаққа! Қожа Ахмет Ясауидің зияткерлік және мәдени мұрасынан шабыт алып, ой еркіндігі мен әмбебап академиялық принциптерді сақтай отырып, ұлттық рухани сана-сезімі жоғары, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін, ынтымақтастық пен адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын түсінетін Түркі әлемінің жастарына халықаралық стандарттарға сай, бәсекеге қабілетті және сапалы білім беру арқылы түркі тілдес елдердің ынтымақтастығына үлес қосу. Ал, қатысушылар өзара топтарға бөлініп, аталған миссияға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, 4 бағаналы кестеге: университеттің тұтынушылары мен бәсекелестері, серіктестері, соңғы екі жылдағы жетістіктері, мүмкіндіктері мен үстемдігі, Қазақстандағы тенденциялар бойынша өз ойлары мен ұсыныстарын қоса жазып, қорғады. Әр топ оқу ордамыздың ерекше статусы мен Халықаралық дәрежесін, бүгінгі күнге дейін жеткен ғылым саласындағы айтулы жетістіктері мен академиялық дербестік нәтижесінде жасалған бағдарламалары, бәсекелестік деңгейі мен серіктестермен қарым-қатынасы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Үстемдік пен мүмкіндіктерді университетті одан әрі дамыту жолында пайдаланудың жолдары жөнінде ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, қатысушылар Стратегиялық бағыттар бойынша қандай жаңа әрекеттер негізгі қарама қайшылықтарды жеңіп, алға қойған мұратқа жеткізетіні жөнінде пікір алмасты.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 