УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КІТАБЫ WEB OF SCIENCE-ТА
Университетіміздің Экономика және басқару факультетінің деканы Йылмаз Улви Узунның редакторлығымен дайындалған «Organization of Turkic States: Politics, Economics, Cultural Collaborations and 2040 Vision» атты халықаралық ғылыми кітап Web of Science деректер базасына енгізілді.
Web of Science - қатаң академиялық сараптаудан өткен, халықаралық ғылыми сапа талаптарына толық сай келетін еңбектер ғана енгізілетін беделді ғылыми деректер базасы.
Аталған кітап ортақ тарихи және мәдени негізге сүйенетін Түркі мемлекеттері ұйымының қалыптасуы мен дамуын қарастырады. Еңбекте ұйымға мүше мемлекеттердің тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзара ықпалдастығы, сондай-ақ экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастық салаларындағы байланыстары талданады.
Ұжымдық ғылыми еңбек Түркі мемлекеттері ұйымының әртүрлі салалардағы қызметін экономикалық, саяси және мәдени ықпал тұрғысынан зерделеуге бағытталған.
Кітапта ұйымның қазіргі даму үдерістері қамтылып, зерттеушілер үшін теориялық және тәжірибелік материалдар ұсынылды.
Осы орайда, құрметті деканымызды іргелі ғылыми еңбегінің халықаралық деңгейде мойындалуымен шын жүректен құттықтап, алдағы ғылыми қызметіне толағай табыстар тілейміз.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 