ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕСТІҢ 80-МӘЖІЛІСІ: УНИВЕРСИТЕТТІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Астана қаласында университетімізддің Өкілетті Кеңесінің 80-мәжілісі өтті. Жиында университеттің академиялық, қаржылық және әкімшілік қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралып, алдағы оқу жылдарына арналған маңызды шешімдер қабылданды.
Мәжіліске Өкілетті Кеңес Төрағасы, Мармара университетінің профессоры Мухиттин Шимшек, Өкілетті Кеңес төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Өкілетті Кеңес мүшелері – Т.Р. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, профессор Ибрахим Калын (онлайн), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, профессор Дархан Қыдырәлі, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм вице-министрі Сердар Чам, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков (онлайн), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры Жанар Алдасугурова, сондай-ақ университет ректоры, Өкілетті Кеңес мүшесі Жанар Амангелдіқызы Темірбекова қатысты.
Мәжілісті ашқан Өкілетті Кеңес Төрағасы Мухиттин Шимшек университеттің Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, Өкілетті Кеңестің негізгі мақсаты оқу орнының тұрақты дамуын қамтамасыз ету екенін жеткізді.
Өз сөзінде Қазақстан тарапынан Өкілетті Кеңес мүшесі Дархан Қыдырәлі Қожа Ахмет Ясауи университетінің түркі әлеміндегі ерекше рөліне тоқталып, соңғы жағымды жаңалықтарды атап өтіп, қабылданатын шешімдердің университеттің халықаралық деңгейдегі дамуына ықпал ететінін айтты.
Мәжілісте күн тәртібіне сәйкес, ең алдымен Өкілетті Кеңес Төрағасы жалпы мәлімет ұсынды.
Бұдан әрі ректораттың 2024–2025 оқу жылында атқарған қызметі мен қол жеткізген нәтижелері туралы есебі, 2024 жылғы қаржылық нақты есеп және 2026 жылға арналған бюджет жобасы қаралды.
Өкілетті Кеңес мүшелері 2024 жылғы әкімшілік-шаруашылық және қаржылық тексеру, 2023–2024 оқу жылына арналған академиялық тексеру қорытындыларын да тыңдады.
Сонымен қатар, 2026–2027 оқу жылына арналған студенттер контингентін айқындау, Түркия Республикасынан, түркітілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан және ТүркТЕП бағдарламасы аясында қабылданатын студенттер саны, магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша шекті контингенттер мәселелері талқыланды.
Мәжіліс соңында күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша ортақ шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Стоматология факультеті конкурс жариялайды
Түркі халықтарының зияткерлік ойындар орталығы
Университет жатақханаларында бос орындар бар екендігі туралы хабарлаймыз
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология және химия кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Лингвистикалық орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униврситеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Ішкі қауіпсіздік департаменті,Шаруашылық департаменті, Кентау кампусы конкурс жариялайды
Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі, Ғылымды дамыту бойынша жобалық кеңсе бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стратегиялық даму,рейтинг және стандарттау орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кітапханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды 