СТУДЕНТТЕРІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ASTANA TECH CUP–2026» ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ
Астана қаласында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «ASTANA TECH CUP–2026» республикалық чемпионатында студенттеріміз жоғары кәсіби дайындығын танытып, бірқатар жүлделі орындарға ие болды.
Айтулы байқау жас ғалымдар мен инноваторлардың ғылыми-техникалық әлеуетін шыңдап, үздік жобаларды анықтауға бағытталды.
Сайыста Entrepreneurship Challenges категориясы бойынша «Turkistan STEM+VR Innovators» командасы І орын иеленді. Студенттер «Цифрлық STEM зертханаларды қалыптастыру: 3D басып шығару мен виртуалды шындықты (VR) енгізудің технологиялық және экономикалық тиімділігі» тақырыбындағы жобасын сәтті қорғады. Команда құрамында Б.Шүкірбай, Б.Тулеутаев, Н.Калкөз болса, жетекшісі – PhD, аға оқытушы Б.Курбанбеков.
Осы бағытта тағы екі командамыз да жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, Yasawi NanoTeam ІІ орынға (мүшелері: Ш.Абдужаппаров, З.Балтабаев), ал Yasawi Tech ІІІ орынға (мүшесі: Д.Патчаханов, жетекшісі: ғылыми қызеткер К.Келесбаев) ие болды.
Rally Drone Racing категориясында дронды дәл әрі қауіпсіз басқару, жылдамдық пен маневр көрсету бойынша Yassawi AeroRally командасы І орынды жеңіп алды. Команда мүшелері – М.Сайдазим мен А.Сүлейменов, жетекшісі – PhD, аға оқытушы Б.Курбанбеков.
Сонымен қатар «Мектеп–Университет» сабақтастығы аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландырған STEM саласындағы гранттық жобалар (жетекшісі – PhD, қауымдастырылған профессор Ш.Раманкулов) шеңберінде дайындалған мектеп оқушылары да түрлі аталымдар бойынша I, II және III орындарды иеленді.
Жеңімпаздар енді Түркияның Анталья қаласында өтетін халықаралық кезеңде еліміздің намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Университет абыройын асқақтатып, жеңімпаз атанған барлық студенттерімізді құттықтай отырып, сәттілік пен табыс тілейміз!
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 