«ЯСАУИ ФИЛОСОФИЯНЫҢ МӘНІ» ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Бүгін университетімізде ғылым айлығының аясында «Ясауи философияның мәні» тақырыбында ғылыми семинары өтті.
Жиын басында Иран Ислам Республикасы Тебриз университетінің қауымдастырылған профессоры Хусейн Хошбатени сөз алды. Ол Ирандағы Қожа Ахмет Ясауидің орны мен оның шығармашылығының құндылығы туралы айтты.
Содан соң философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетай Ясауи хикметтерінің мәні, философияның өзегі, адамның «кемелдікке» жетуі үшін қажетті білімді игеруі жайлы кеңінен баяндады.
Досай Кенжетай: "Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ (көркем мінез-құлық) арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни даналық мектебінің негізін қалаған - Қожа Ахмет Ясауи. Оның шығармашылығы даналықтың кені" дей отырып, Ясауи мұрасының мән-маңызына ерекше тоқталды.
Семинар соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 