«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРҒА ЖАСТАР КӨЗҚАРАСЫ» АТТЫ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ
Бүгін университетімізде «Әділетті Қазақстан: Конституциядағы өзгерістер және жастар көзқарасы» тақырыбында дебат турнирі өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, Конституциялық реформалардың мәні мен маңызын терең түсінуге және өз азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған зияткерлік алаң.
Турнир барысында қатысушылар Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылады. Олардың ел дамуына, демократиялық үдерістерге және қоғамдағы әділдік қағидаттарына ықпалын саралады.
Дебатқа 9 команда қатысты. Жастар өздерінің сыни ойлау, талдау, дәлелдеу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Іс-шара белсенді, жауапты және құқықтық мәдениеті жоғары жас буынды қалыптастыруға ықпал етті. Қатысушылар белсенділік танытып, өз көзқарастарын нақты аргументтермен қорғады.
Турнир қорытындысы бойынша І орынды «Си-Сая» командасы иеленді.
Айтулы мазмұнды пікірсайыс алаңы жастардың құқықтық білімін арттыруға жол ашты. Осылайша, Конституциялық құндылықтарды терең түсінген ұрпақ – Әділетті Қазақстанның берік іргетасы екені тағы бір мәрте айқындалды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 