ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ КЕЛДІ
Бүгін университетімізге ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі, қауымдастырылған профессор Таңсәуле Серіков арнайы ат басын бұрды.
Құрметті қонақты оқу орнымыздың басшылығы зор құрметпен қарсы алды. Кездесу барысында ректор Жанар Темірбекова университетіміздің тыныс-тіршілігімен таныстырып, білім беру жүйесі, студенттердің оқудағы және қоғамдық өмірдегі белсенділігі туралы ақпарат берді.
Бүгінгі жүздесудің ең басты тақырыбы – инклюзивті білім беру жүйесіндегі мәселелер болды. Таңсәуле Серіков ерекше қажеттілігі бар азаматтардың сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасау керек екенін айтты. Сондай-ақ, Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді негізге ала отырып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ерекше қажеттіліктері бар студенттерді қолдауға бағытталған бірқатар шараларды іске асырып жатқанын атап өтті.
Ол оқу орнымыздың басшылығына «Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жол картасын» таныстырды. Бағдарлама жоғары білімнің жалпыға қол жетімділігі, білім беру жүйесінің даму деңгейлері мен ерекшеліктеріне бейімделуі және білім алушыларды қоғамда табысты бейімделуге дайындауды көздейді.
Өз кезегінде, ректор өкілі Пеями Баттал университетімізде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Әсіресе, «30 жылдыққа 30 жоба» аясында қолға алынған «Инклюзивті білім беру орталығының» маңызы зор. Бүгінде Түркістан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, орталық салынатын орын да белгіленген. Болашақта инклюзивті жандардың өмір сүру жағдайын жақсарту, білім алуы, ғылыммен айналысуы,қоғаммен тікелей байланыс орната алуы үшін жағдай жасалатын болады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі университетімізде іске асып жатқан жобалармен таныс болып, жоғары бағасын берді. Алдағы уақытта да қоғамға пайдалы болуды көздейтін осындай ортақ жобаларды іске асыруға ниет білдірді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 