АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ
Университетімізде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстандық ғалымдарды қабылдау және тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асуда.
Бухара мемлекеттік медицина институты ғалымдары Медицина факультетіне арнайы іссапармен келді. Бұл сапар – қос университет арасындағы меморандум негізінде ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, медицина ғылымдарының докторы, профессор Муслима Абдуллаева, Психиатрия, наркология және медициналық психология кафедрасының доценті Хакикат Мухторова, Ішкі аурулар және отбасылық медицина кафедрасының доценті Любат Саидова студенттерге дәріс оқып, семинарлық және практикалық сабақтар өткізді.
Сонымен қатар, Бухара мемлекеттік медицина институтының Балалар аурулары және балалар неврологиясы кафедрасының профессоры Мавлюда Артыкова да дәріс оқуда. Қонақ оқытушылар студенттерге заманауи медицинаның өзекті мәселелері бойынша теориялық білім беріп, клиникалық тәжірибеге негізделген практикалық сабақтар жүргізіп жүр.
Сапар барысында заманауи оқыту әдістері таныстырылып, ғылыми зерттеулер нәтижелері талқыланды. Медициналық білім берудегі озық бағыттар бойынша тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары Теология факультетінде дәріс оқыды. «Руханият негіздері және құқықтық білім беру» кафедрасының оқытушылары –Хайитбой Холмирзаев, Якитжан Кадирова, Мархабо Собирова және Халима Кадирова студенттерге «Философия» пәні бойынша семинарлық сабақтар жүргізді.
Бұдан бөлек, Абу Али ибн Сино атындағы Бухара мемлекеттік медицина институты өкілдері де Медицина факультетінде тағылымдамадан өтуде. Бағдарлама аясында PhD, доценттер Мехринисо Исматова, Гулчехра Ражабова және DSc., доцент Замира Бабаджанова «Ішкі аурулар» және «Арнайы клиникалық пәндер» кафедраларында тәжірибе алмасып, профессор-оқытушылар құрамымен бірлескен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, студенттерге дәрістер оқып, практикалық сабақтар ұйымдастыруда.
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары факультеттерде білім беру сапасын арттыруға, халықаралық ғылыми байланысты нығайтуға және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған. Мұндай ынтымақтастық университетіміздің халықаралық беделін арттырып, білім кеңістігін кеңейтуге қызмет етеді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 