«ҚАЗАЭРОНАВИГАЦИЯ» РМК ТҮРКІСТАН ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін университетімізде «Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс» орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетіне қарасты ШЖҚ «Қазаэронавигация» РМК Түркістан филиалының өкілдері келіп, студенттермен кездесті.
Іс-шараның мақсаты – «Әуе диспетчерлері» қызметіне жұмысқа қабылдау бойынша бастапқы даярлау курстарына үміткерлерді тарту мақсатында жүргізілетін кәсіби бағдар беру, даярлау курстарында оқыту мен одан әрі жұмысқа қабылдау туралы ақпараттарды түсіндіру.
Жиынға – ШЖҚ «Қазаэронавигация» РМК-ның Түркістан филиалы метеорологиялық қызмет басшысы Нұржан Жақсылықов, «Қазаэронавигация» РМК Қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру бөлімінің 1-санатты маманы Мадина Дюсенгулова, «Қазаэронавигация» РМК Түркістан филиалы «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» бөлім басшысы Раимжан Юсупов, «Қазаэронавигация» РМК Түркістан филиалы РТЖБП қызметі 1-санатты технигі Нұриман Сейдулла қатысты.
Мамандар әуе диспетчері мамандығының ерекшеліктеріне тоқталып, бұл салада жоғары жауапкершілік, мықты денсаулық пен шет тілдерін меңгерудің маңызын атап өтті. Сонымен қатар даярлау курстарының кезеңдері мен іріктеу талаптарын түсіндірді.
«Қазаэронавигация» РМК Қазақстан Республикасындағы аэронавигациялық қызмет көрсететін ірі кәсіпорын. Кәсіпорынның мақсаты - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың аэронавигациялық қызметтерге деген қажеттіліктерін және азаматтық авиация өнеркәсібінің авиациялық кадрларды даярлау мен медициналық қамтамасыз етудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
Кездесу барысында студенттер ерекше қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, белсенді қатысып отырды. Кездесу соңы ойынға ұласып, сыйлықтар берілді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Мәдинет орталығындағы телестудияға қажетті құрал жабдықтар
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ясауитану ғылыми-зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Стоматология факультеті конкурс жариялайды
Университет жатақханаларында бос орындар бар екендігі туралы хабарлаймыз
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология және химия кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды 