ҚАЗАҚТЫҢ «ҚЫЗ ЖІБЕГІМЕН» ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Оқу ордамызға қазақтың театр және кино актрисасы, ҚР халық әртісі Меруерт Өтекешова келді. Өнер майталманын университет ұжымы мен студенттер қарсы алды.
Бүгінгі тағылымды кездесу актрисаның мерейлі 75 жасқа толған туған күнімен тұспа-тұс келді. Қазақ кино өнерінің жауһары – Қыз Жібек фильміндегі Жібек бейнесі арқылы халық жүрегінен орын алған өнер иесінің мерейтойын университет қабырғасында атап өту – оқу ордамыз үшін зор мәртебе. Осындай мағыналы күнді университетімізде қарсы алып, студент жастармен жүздесуі – ұжым үшін де, білім алушылар үшін де ұмытылмас рухани сәт.
Кездесудің мақсаты – жастарға, соның ішінде болашақ «Актерлік өнер» мамандығында оқып жүрген студенттерге өнер адамының қоғамдағы рөлі, эстетикалық талғамы және мәдени көзқарасы туралы тың деректерді өз аузынан естуге мүмкіндік беру. Сондай-ақ, қазақ тарихында өзіндік орны бар фильмдерде басты рөлдерді сомдаған Меруерт Өтекешованың кино және театр сахнасында бірге өнер көрсетіп, бірге ғұмыр кешкен жұбы, талантты актер, Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің өнер жолы мен шығармашылығын таныстыру.
Іс-шарада университет ректоры Жанар Темірбекова: «Елу жылдан астам уақыт көрерменнің жүрегінен орын алған «Қыз Жібек» кинофильмінің басты образы Жібек рөлін сомдаған – Меруерт Өтекешова. Мен ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымында, журналында редактор әрі аудармашы болып істеп жүрген кезімде, танымал ғалым Сейіт Қасқабасовтың «Қыз Жібек» дастаны жөнінде көлемді мақаласына Меруерт Өтекешованың суретін шығардық. Бұл – 17 жыл бұрын болған оқиға. Менің естелігім осы. Әр қазақтың жадында кинофильм, Қыз Жібек бейнесі өзіндік керемет естелігімен қалған болар», - деді.
Келесі кезекте театр және киноактрисасы Меруерт Өтекешова: «Мәдениетті дамыту үшін театрға бару керек. Өнерлі, мәдениетті жастар өте көп. Бірақ, талантты, танымал әртіс болу мақсат емес. Адам болып қалу, ұлы мақсат» - деді.
Өнер иесінің айтуынша, «Қыз Жібек» бейнесін алып жүру тек сахнадағы рөлмен шектелмейді. Бұл – өмірлік ұстаным. Қыз баланың ең алдымен жақсы тәрбиені бойына сіңіруі, адал жар таңдап, отбасын бірінші орынға қоюы, жарына құрмет көрсетуі – ұлттық болмыстың негізі. Сонымен қатар, ол әйел адамның кәсіби қызметте де жауапкершілік пен адалдықты ту етіп, қоғамда өз орнын табуы, мәдениет пен парасаттың үлгісін көрсетуі маңызды екенін атап өтті.
Өзінің 75 жас мерейтойында университетімізге келген өнер иесіне Журналистика мамандығының 1 курс студенті Асылжан Есімханұлы арнау арнады.
Кездесу соңы «Қыз Жібек» бейнесі арқылы қазақтың жарық жұлдызына айналған Меруерт Өтекешованы мерейлі 75 жасымен құттықтауға, сый-сияпат табыстауға ұласты.
Сондай-ақ, университетіміздің қалыптасқан дәстүріне сай құрметті қонақ университет ауласына ағаш екті.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 