«ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ЖАСТАР: ЗАҢ МЕН ТӘРТІПКЕ КӨЗҚАРАС» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Университетімізде студенттер арасында «Құқықтық сана және жастар: Заң мен тәртіпке көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Заң мен тәртіп концепциясы мен жаңа Конституциялық референдум аясында ұйымдастырылды.
Жиынға Заң факультетінің деканы Әлия Қасымбек пен оқытушылар, факультет студенттері қатысты.
Басқосуда сөз бастаған декан Әлия Қасымбек: «Құрметті студенттер, бүгінгі талқылайтын тақырыптар – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер. Конституциялық құжаттың мемлекеттік деңгейдегі маңызын баршаңыз жақсы білесіздер. Сіздер, еліміздегі жаңа тарихи қадамға куә боласыздар. Референдумда дауыс беріп, азаматтық белсенділік танытасыздар деп сенемін. Болашақ заңгер ретінде мемлекеттік маңызды іске бей жай қарамай, жауапкершілікпен қарауларыңыз қажет. Болашақта маман ретінде қабылдайтын шешім мен істейтін жұмыстарыңыз сол қабылданатын Конституция аясында жүзеге асады»,-деді. Осылайша, жастарға жаңа Конституциялық реформаның маңызын тереңінен талдап түсіндірді. Ел болашағын ойлайтын әр азамат бұл тақырыптың салмағын саралай алуы тиіс екенін тілге тиек етті. Туған жердің тыныштығын сақтау, қадірлеп қастерлеу әр перзенттің борышы екенін баса айтты. Сондықтан білімгерлерді «Заң мен тәртіп» қағидаттарына бағынуға, оны сақтауға шақырды.
Келесі кезекте, декан орынбасары, PhD, оқытушы Жандос Ибраев: «Біз жастарға сенеміз. Сіздер, болашақ заңгер ретінде халықтың игілігіне арналған заң қабылдайтын орындарда қызмет атқарасыздар деп сенемін»,-деді. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен мәдениет мәселелерін көтерді.
Спикер өз сөзінде заңгер мамандығының жауапкершілігі жоғары екенін атап өтіп, әрбір қабылданатын шешім ел тағдырына әсер ететінін еске салды. Ол жастардың құқықтық санасы мықты болса ғана әділетті қоғам қалыптасатынын айтып, білім мен адалдықты басты қағида етуге шақырды.
Жиын соңында студенттер өз ойларын ортаға салып, құнды пікірлерін айтты.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 