САХНА САҢЛАҒЫ – МЕРУЕРТ ӨТЕКЕШОВАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін университетімізде Қазақстан Республикасының халық әртісі, белгілі театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешовамен кездесу өтті. Іс-шараға оқытушы-профессорлар құрамы, кітапхана ұжымы және студенттер қатысты.
Кездесу алдында қатысушылар назарына кино өнерінің жауһары – «Қыз Жібек» көркем фильмі ұсынылды. Аталған туынды арқылы өр мінезді, терең болмысты Жібек бейнесін сомдаған актриса қалың көрерменге кеңінен танылып, ұлттық өнер кеңістігінде өзіндік қолтаңбасын қалдырғаны белгілі.
Басқосудың басты мақсаты – жарты ғасырдан астам уақытын театр өнеріне арнап, шығармашылық биікке көтерілген сахна шеберінің өмір жолы мен өнердегі тәжірибесін студент жастарға таныстыру, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шарада университет ректоры Жанар Темірбекова ғалым Сейіт Қасқабасовтың «Қыз Жібек» дастаны туралы көлемді мақаласы жарияланған «ТҮРКІСОЙ» журналын Меруерт Өтекешоваға табыстады.
Меруерт Өтекешова жастарға: «Кітапхана – білім ордасы, ал театр – мәдениет ошағы. Бүгінгі жастарға айтарым – кітап оқып, театрға барыңыздар. Тарихымызды танып, елімізді әлемге танытуға үлес қосу – әрқайсымыздың парызымыз», – деп, тағылымды ойын бөлісті.
Жиын барысында оқытушылар мен студенттер кинотуындының түсірілу барысы, күрделі сахналар, актрисаның шығармашылық әсерлері мен есте қалған қызықты оқиғалар жөнінде сұрақтар қойып, мазмұнды пікір алмасты. Студенттер «Қыз Жібек» бейнесінің көркемдік мәніне үңіліп, бүгінгі актрисаның шығармашылық
келбетімен сабақтастығын зерделеді.
Сонымен қатар, құрметті қонақ кітап қоры бай кітапханамызбен танысып, оқу-ағарту кеңістігінің маңызын ерекше атап өтті.
Рухани мазмұнға толы кездесу соңында қатысушылар қазақ өнерінің жарық жұлдызына айналған Меруерт Өтекешованы 75 жас мерейтойымен құттықтап, естелік суретке түсті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 