«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Университетімізде «Жаңа Конституция: Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын 15 наурыз – Жалпыұлттық референдум күніне орай ұйымдастырылды.
Айтулы жиынға Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары Саян Келдібеков, Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов, Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Болат Қалмұрзаев, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Бекарыс Шойбеков қатысты.
Қонақтар ең алдымен, «Ұлы дала үні: Анадан қалған асыл мұра» атты шығармашылық көрмені тамашалады. Көрмеге Жаңа Конституцияның преамбула мазмұнында көрсетілген тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау құндылығы арқау болды. Себебі, жаңа преамбулада өткен тарихи тамырымызды құндылық ретінде айқындап, бүгінгі уақыттың негізгі қағидаттарын нақты белгілеп, болашаққа бағдар болатын ұстанымдар бекітілді.
Айта кетейік, жаңартылған преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі құндылығы әрі басты басымдығы ретінде белгіленді. Бұл азаматтардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың өзегін айқындайды. Осы тұста, оқу ордамызда ұйымдастырылған бүгінгі жиынның маңызы арта түсті.
Дөңгелек үстел модераторы – университет ректоры Жанар Темірбекова болды. Жиынды ашып берген ректор өз сөзінде: «Құрметті жиынға қатысушылар, бүгін біз Конституциялық реформа тақырыбын талқылайтын боламыз. Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 15 наурыз – Жалпыұлттық референдум күні ретінде бекітілді. Бұл референдумның негізгі себебі – Ата Заңымыздың өзгеруі, яғни Жаңа Конституция жобасы.
Заңдылықты жоғары қадағалау және адам құқықтарын қорғау, заңсыздықтарға тосқауыл қою, құқық қорғау әлеуетін арттыру, Заң алдындағы теңдік және құқық бұзушылықтардың алдын алу прокуратура органдарының конституциялық мәртебесі. Ал, Конституциялық өзгерістердің басты арқауы – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау»,-деді.
Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары Саян Келдібеков: «Бүгін біз киелі Түркістан төріндегі еліміздің ең ірі жоғары оқу орындарының бірінде басқосып отырмыз. Прокуратура органдары әрдайым заңның сақталуын қадағалайды. Дегенмен, заң тек қағаз жүзінде емес, мемлекет пен халық арасындағы өзара сенім мен келісімге негізделеді. Қазіргі таңда еліміз ауқымды өзгерістерге қадам басты. Жаңа Конституция жобасы жай ғана түзетулер жиынтығы емес, мемлекеттік жүйені жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам.
Бұл реформалардың басты мақсаты – әр азаматтың құқығын қорғау, биліктің халық алдындағы жауапкершілігін күшейту. Тұрақтық пен ашық диалог – біздің басты құндылығымыз. Қымбатты жастар, мемлекет болашағын айқындайтын өздеріңіз»,-деді.
Жиында Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Едігеұлы азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғаудың жаңа тетіктері, сот төрелігінің кепілдіктері және Конституциялық Соттың жаңа мәртебесі жөнінде сөз қозғады.
Сондай-ақ, Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы, түлегіміз Болат Қалмұрзаев мемлекеттің тұтастығы, ақпараттық қауіпсіздік, діни экстремизм мен сыртқы қатерлерге қарсы іс-қимыл туралы баяндады. Конституциялық құрылымды қорғау мен ұлттық егемендік туралы саралай жеткізді.
«Ең алдымен, құрметті Жанар Амангелдіқызы, бүгінгі маңызды жиынды ұйымдастырып, халықаралық мәртебеге ие оқу орданың қабырғасында жастар мен ашық пікір алмасуға мүмкіндік жасап отырғаныңыз үшін алғысымды білдіремін.
11 ақпанда Жаңа Конституция жобасы ресми түрде жарияланды. Бұл – мемлекеттіліктің құқықтық іргетасын жаңғыртуға бағытталған тарихи әрі жауапты кезең. Жаңа Конституция жобасында саяси жүйені реформалауға адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары айрықша құндылық ретінде көрсетілген. Сондай-ақ, бостандық, әділдік, заң және тәртіп қағидалары Конституцияның негізгі принциптеріне айналып отыр»,-деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.
Басқосу барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев монополиядан арылу, ұрланған активтерді қайтару және оны әлеуметтік нысандарға бағыттау жөнінде ойын бөлісті. Сондай-ақ, «Әділетті экономика: Көлеңкелі айналыммен күрес және ашықтық» тақырыбында терең талдау жүргізді.
Сонымен қатар, оқу ордамыздың түлегі, Түркістан облыстық мәслихат депутаты, белгілі ақын Бекарыс Шойбеков те Конституциялық референдумның маңызын саралады. Өткенге көз жүгіртіп, жастарға Дала заңы мен Ата заңның қадір-қасиетін түсіндірді.
Заң факультетінің деканы Әлия Қасымбек те Жаңа Конституцияның преамбуласы туралы пікірін ортаға салды. Жастарды ел болашағы жолында маңызды шешімге белсене атсалысуға шақырды. Студенттерге құнды ақпарат берген қонақтарға ризашылығын білдірді.
Жиын соңында студенттер құрметті қонақтарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
"Жұқпалы, тропикалық және паразиттік аурулар: сын-қатерлер, аурулар: сын-қатерлер, трансшекаралық тәуекелдер, биоқауіпсіздік".
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ясауитану ғылыми-зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Стоматология факультеті конкурс жариялайды
Университет жатақханаларында бос орындар бар екендігі туралы хабарлаймыз 