УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАРЫ AI ХАКАТОНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Студенттеріміз Түркістан қаласында «Қаржылық қауіпсіздік: цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» тақырыбындағы өңіраралық форум аясында өткен AI Хакатонда жүлделі орындарға ие болды.
Іс-шара ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, университеміз және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен өтті.
Хакатон Қазақстандағы цифрлық трансформация міндеттерін іске асыруға бағытталып, қатысушылар қаржылық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерге жасанды интеллект негізінде әзірленген практикалық шешімдерін ұсынды.
Екі күнге жалғасқан AI Хакатонға оқу ордамыздың білім алушылары да белсенді қатысып, өз жобаларын жоғары деңгейде қорғап, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Жалпы байқауға 114 командадан 400-ге жуық жас қатысып, мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының білім алушылары бес бағыт бойынша бақ сынады.
Соның ішінде, AI Digital Trace бағыты бойынша оқу орнымыздың «Зеркалоломы» командасы Yasawi инкубациялық бағдарлама резиденттері – Ердаулет Тойбеков, Рамазан Жұмахан, Нұрым Мырзахымет үздік нәтиже көрсетіп, І орынды жеңіп алды және 1 000 000 теңге жүлде қорына ие болды.
AI Digital Trace бағыты – Мессенджерде заңсыз онлайн-саудамен айналысатын аккаунттарды анықтауға арналған ЖИ-шешімін әзірлеу. Жүйе арналарды, хабарламаларды, мінез-құлық үлгілерін және цифрлық байланыстарды талдау арқылы сатушыларды анықтап, кейінгі жедел жұмысқа арналған аналитикалық деректерді қалыптастыруы тиіс.
Ал Open AI Challenge бағыты бойынша ІІ орын иеленген «ECHO» командасы резиденттері – Ислам Абдулахадов, Миләз Хинизов, Салтанат Ильяс, Дулат Дінмұхамедке 700 000 теңгелік жүлде қоры табысталды.
Сонымен қатар, аталған бағыт бойынша университетіміздің «GreenFlag» командасының мүшелері – Иззатилла Сапаев, Фахриддин Сайдакбарулы, Дилмурат Улугбекұлы 200 000 теңгелік ынталандыру сыйлығын иеленді.
Open AI Challenge бағыты – қаржылық қауіпсіздік саласындағы еркін бағыт, оның аясында командалар ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің қызмет саласындағы өзекті мәселені (алаяқтық, қаражатты жылыстату, көлеңкелі схемалар, қаржылық тәуекелдер және т.б.) өз бетінше анықтап, практикалық енгізу және масштабтау әлеуеті бар негізделген ЖИ-шешімдерін ұсынды.
Лудоманияға қарсы AI бағытында «Themis» командасы Yasawi инкубациялық бағдарлама резиденттері – Аяулым Жолдасқызы, Гүлфайруз Садуақас, Әйгерім Серікжанқызы да 200 000 теңге ынталандыру сыйақысына ие болды.
Лудоманияға қарсы AI бағыты – ойынға тәуелділікке қарсы бағытталған ЖИ-шешімін әзірлеу. Жобалар мінез-құлық деректерін талдау, тәуекел факторларын анықтау, алдын алу құралдарын, ағартушылық тетіктерді немесе лудоманияның таралуын және оның әлеуметтік салдарын азайтуға бағытталған өзге де технологиялық тәсілдерді қамтуы тиіс.
Айта кетейік, оқу орнымыздың атынан қатысқан барлық командалар іріктеу кезеңінен өтіп, финалға шықты. Сарапшылар университет студенттері ұсынған инновациялық шешімдерді жоғары бағалап, жобалардың өзектілігі, практикалық маңызы және технологиялық тиімділігін атап өтті.
Өңіраралық AI Хакатон жастардың цифрлық құзыреттерін дамытуға, жасанды интеллект технологияларын тәжірибеге енгізуге және қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған тиімді алаң ретінде маңызын көрсетті.
"Жұқпалы, тропикалық және паразиттік аурулар: сын-қатерлер, аурулар: сын-қатерлер, трансшекаралық тәуекелдер, биоқауіпсіздік".
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ясауитану ғылыми-зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Стоматология факультеті конкурс жариялайды
Университет жатақханаларында бос орындар бар екендігі туралы хабарлаймыз 