«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ
Бүгін оқу ордамыздың филология факультетінде «Жаңа Конституция: Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуда университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректоры Еділ Төлегенов модератор ретінде жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ел болашағы үшін маңызды конституциялық реформаларды талқылау, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, адам құқықтарының басымдығын нығайту, мемлекеттің сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілуіне негіз болатын өзгерістердің мәнін ғылыми тұрғыда саралау және өзара пікір алмасу болды.
Алғашқы сөз кезегі университет ректоры Жанар Темірбековаға берілді. Ол «Конституциялық реформалар және ұлттық құндылықтар: Әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негіздері» тақырыбында баяндама жасап, референдумның тарихи маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде: «Конституция – мемлекеттің келбетін айқындайтын Ата Заң. Сондықтан референдум – ел тағдыры үшін жауапты таңдау жасайтын маңызды кезең»,- деді.
Келесі кезекте Заң факультетінің деканы Алия Қасымбек «Конституциялық реформа: әр азамат нені білуі керек» тақырыбында сөз сөйлеп, жаңа өзгерістердің мазмұнына тоқталып, соның ішінде цифрлық қауіпсіздік пен адам қадір-қасиетін қорғау мәселелерін тереңірек зерделеді. Спикердің айтуынша, Конституцияның екінші бөлімі – адам құқықтарын халықаралық стандарттарға сай айқындайтын ең көлемді бөлімдердің бірі.
Одан әрі Түркістан облысы, футбол федерациясының хатшысы, заңгер Марат Бектемірұлы Конституция жобасын халық талқысына ұсынудың маңызын атап өтіп, азаматтардың мемлекеттік басқаруға тікелей қатысу мүмкіндігі артқанын жеткізді.
Заң факультетінің магистранты Бақдәулет Сайлау «Жаңа Конституция жобасының құқықтық табиғаты мен қоғамдық маңызы» тақырыбында баяндама жасап, сөзін алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден туады», деген қанатты сөзімен түйіндеді. Ал, осы факультеттің студенті Қарақат Молдаш «Референдум - әділетті қоғамға қадам» тақырыбында ой бөлісіп, референдумды халық пен билік арасындағы ашық диалог алаңы ретінде бағалады.
Дөңгелек үстел пікір алмасу форматында жалғасып, қатысушылардың сұрақ-жауаптарымен қорытындыланды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 