«ЯСАУИ ЖҮРЕГІМДЕ»: АЛҒЫС ПЕН ӨНЕР ҮНДЕСКЕН КЕШ ӨТТІ
Іс-шараға қонақ ретінде ректор Жанар Темірбекова мен Әлеуметтік мәдени-даму вице-ректоры Еділ Төлегенов, Түркістан қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры Алия Пиржанова мен Қоғамдық даму басқармасының Жастар саясаты бөлімінің басшысы Азамат Имашев және оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты. Олардың қатарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелден келген студенттер бар.
Іс-шараның мақсаты – студенттер арасындағы достықты нығайту, мәдениеттер диалогын дамыту және Ясауи рухын жүректе сақтай отырып, ортақ құндылықтарды дәріптеу.
Кеш басталған сәттен-ақ кітапхана іші ерекше жылылыққа бөленіп, сахна мен көрермен арасында рухани байланыс орнады. Әрбір орындалған шығарма көрермен қауымға ерекше леп сыйлады.
Түркі әлемі жастарын бір арнаға тоғыстырған кеште өнерпаз білімгерлеріміз ән шырқады. Жай әндер емес, жүректерден орын алып, талайды таңдай қақтырған белгілі әндерді орындады. Кештің ерекшелігі де сол – қазақ, өзбек, қырғыз, түрік сынды өзге де түркі мемлекеттерінің әндері шырқалды. Осылайша кеш барысында 7 тілде ән шырқалып, оқу ордамыздың халықаралық деңгейі мен көпұлтты ортасы көрініс тапты.
Іс-шара соңында ректор Жанар Темірбекова: «Құрметті студенттер, сіздерге алғыс білдіремін. Әндерді жүрекпен орындадыңыздар. Ясауи мекені – адамдарға шабыт берген мекен еді. Жастарды қолдап, өнерлерін паш еткен орта. Бұл үрдіс жалғаса береді деп ойлаймын. Көрермен қауымға да ерекше ризашылығымды айтамын!»,-деді.
Жиналған қауым әсерлі сәттерден рухани қуат алып, алғыс пен бірліктің шынайы көрінісіне куә болды. Акустикалық кеш жастардың өнері арқылы достық пен бауырластықтың, ортақ құндылықтардың мәңгілік екенін тағы да дәлелдеді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 