САЛАУАТТЫ УНИВЕРСИТЕТ: ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ФОРУМ ӨТТІ
Форумның мақсаты – Университеттерде қауіпсіз және қолдау ортасын қамтамасыз етудің маңыздылығы, сондай-ақ студенттер арасында есірткіні қолданумен күресу және психикалық денсаулықты қолдау қажеттілігі туралы хабардарлықты арттыру.
Іс-шараға қолдау көрсетіп, Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Амангельды Бурханов, Облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр, нарколог дәрігері Асем Смаилова сынды т.б білікті мамандар арнайы келді.
Жиынды ашып беру үшін алғашқы сөз тізгінін алған университет ректоры Жанар Темірбекова:
«Бүгінгі форум тақырыбы – қазіргі таңда тек біздің елімізде ғана емес, дүниежүзінде үлкен дертке айналған ауқымды мәселе. Сондай-ақ, жылдар бойы барлық мемлекеттер күрессе де, жеңе алмай келе жатқан мәселе. Сондықтан, бұл мәселені жеңу мен оны жан жақты түсіну үшін, бірінші кезекте студенттердің сауаттылығы қажет. Осы орайда Медицина факультетінің ұжымы мен студенттеріне осындай маңызды форумды ұйымдастырып, облысымызда осы мәселеге байланысты жұмыс атқарып жүрген мекемелерді шақырып, бір ортаға тоғыстырғанына шын жүректен алғыс білдіреміз!»,- деді.
Сонымен қатар, ректор Жанар Темірбекова есірткіге қарсы күрестің маңызы, оның қоғамға төндірер қауіптерін тарқата баяндады. Оның ең алдымен адам өміріне зияны, отбасын ойрандауға дейін әкелетін себептерін саралай жеткізді.
Ал, ректор өкілі Пейами Баттал аталмыш форумды ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді. Жас студенттерді есірткі сынды өзге де жаман дүниелерден сақтануға, дұрыс орта қалыптастыруға шақырды.
Келесі кезекте, Медицина факультеті ғылым жөніндегі декан орынбасары Балнұр Омарова «Salauatty Yassawi: зиянды әдеттердің өзекті аспектілері» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Іс-шарада «Нашақорлық түрлері: себептері,салдары, емі», «Нашақорлыққа қарсы және психикалық денсаулыққа көмек. Салауатты өмір» сияқты басқа да маңызды тақырыптар қозғалды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 