УНИВЕРСИТЕТТЕ «АҚ ҚАЛПАҚ КҮНІ» ТОЙЛАНДЫ
Бүгін оқу ордамызда қырғыз халқының ұлттық бас киімі – «Ақ қалпақ күні» мерекесі тойланды. Университетте білім алып жатқан бауырлас қырғыз жастары өздерінің ұлттық мерекесін дәстүрге сай атап өтті.
Университет басшылары салтанатты кешті ашып беріп, құттықтау тілектерін жеткізді.
Ұлттық мерекеде ректор өкілі м.а Нажи Генч: «Қырғызстан Республикасының «Ақ қалпақ күні» мерекесін түбі бір түркі дүниесінің ордасына айналған оқу ордамызда бірге тойлап жатқанымызға өте қуаныштымын. Қырғыз бауырларымыздың ұлттық мерекесі құтты болсын!»,-деді.
Сондай-ақ, Академиялық мәселелер жөніндегі вице-ректор Эльмира Идрисова: «Бұл мереке – ортақ мереке! Біздің университеттің ерекшелігі де осында. Қырғыз халқы студенттері ұлттық құндылықтарын сақтап, Ақ қалпақпен жүргендеріне алғыс білдіремін. Қырғыз елінің ар-ожданын, елінің рухани құндылығын көрсететін «Ақ қалпақ күні» құтты болсын!»,-деді.
Мерекелік кеш көңілді концерттік бағдарламамен жалғасты. Әуелі көрермен назарына қырғыз халқының тарихы туралы бейнероликті ұсынды.
Сахна төрінде қырғыз жастары комуз аспабында күй ойнап, «Қырғыз», «Қырғыз жолу» билерін билеп, «Мурас», «Эне тил», «Биздин мекен», «Кечки бишкек», «Ким билет» әндерін өз тілінде әуелете шырқады.
Айта кетейік, бұл мереке Қырғызстан Республикасында 2016 жылы 5 наурызда «Ақ қалпақ күні» мерекесі ретінде ресми бекітіліп, 2019 жылдан бері дәстүрлі түрде тойланып келеді.
Қырғыз елінде – ақ киізден жасалған ұлттық бас киім ақ қалпақ тарихтан сыр шертетін ұлттық нышан, әрі ұлттың бет-бейнесі. Қырғыз халқында: «Ақ қалпақ кигендерді көрсең қырғыз деп біл!» деген сөз бар.
Сондықтан, мерекелік іс-шарада Ақ қалпақтың түрлері, ұлттық бас киімді жас ерекшелігіне қарай кию дәстүрі таныстырылды. Мерекелік шараға келген көрермен қырғыз халқы үшін Ақ қалпақтың маңыздылығын түсініп, ұлттың тарихын, мәдениетін танып білді.
Мерекелік кеште түркітілдес мемлекеттер жастарының ауызбіршілігі мен татулығы айқын көрінді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 