«КИМЕШЕК ДӘСТҮРІ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ, ПАРАСАТТЫҢ АЙНАСЫ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Кимешек дәстүрі – ұлттың рухани қазынасы, парасаттың айнасы» атты танымдық мерекелік іс-шара өтті. Жиынды «Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету» бөлімі мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы құрылым өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігі, студенттік Ассамблея мүшелері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.
Басты мақсат – қазақ халқының ұлттық мұрасы саналатын кимешектің тағылымдық мәнін кеңінен насихаттау, аналардың қоғамдағы рөлін дәріптеу және ұлттық құндылықтарды ұлықтау.
Мерекелік жиында Әлеуметтік-мәдени даму даму вице-ректоры Еділ Төлегенов сөз сөйледі.
Шара барысында ұлттық киімнің тәрбиелік және рухани маңызы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, университет психологы Ләззат Мырзашева баяндама оқып, кимешектің ананың парасаты мен болмысының айнасы екеніне тоқталды.
Сондай-ақ, Ерекше білім беруді қолдау орталығының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Гүлсара Тоққұлова ұлттық дәстүрді сақтау жолындағы аналардың рөлі туралы ой бөлісті. Ал Түркістан облыстық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігі Аналар кеңесінің төрағасы Мухаббат Ибрагимова көпэтносты қоғамдағы аналардың бірлік пен келісімді нығайтудағы маңызын атап өтті.
Мерекелік бағдарламаны «Шежіре», «Әжелер» ансамбльдерінің әсерлі өнер көрсетулері мен студентіміз Шахмардан Бекарысұлының аналарға арналған ән шашуы көркемдей түсті. Сонымен қатар, шараға қатысқан нәзік жандыларға гүл шоқтары табысталды.
Тағылымды басқосу ұлттық дәстүрді дәріптеу мен аналар мәртебесін асқақтатуға бағытталған мазмұнды әрі рухани кешке айналды.
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы,Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы, Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Хлықаралық қазақ-түрік университеті Заң бөлімі конкурс жариялайды
ЕКІЖАҚТЫ КЕЛІСІМ-ШАРТ НЕГІЗІНДЕ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША 2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КҮЗГІ СЕМЕСТРІНЕ ТІРКЕЛУ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!
2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Стратегиялық даму, рейтинг және стандарттау орталығы конкурс жариялайды 