2026-2027 оқу жылына арналған ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасына тіркелу басталғанын хабарлаймыз.
ХАБАРЛАНДЫРУ
2026-2027 оқу жылына арналған ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасына тіркелу басталғанын хабарлаймыз. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше университеттеріне 2026-2027 оқу жылының күзгі және көктемгі семестрлеріне бөлінген орындарға 1 семестр бойы оқығысы келетін бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша білім алушыларды сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамын конкурсқа қатысуға шақырамыз.
- Тіркелу мерзімі: 2026 жылдың 03-15 наурыз аралығында
- Тіркелу оффлайн форматта Ректорат, 418 кабинетте өтеді.
- Іріктеу емтиханының мерзімі: 16 - 17 наурыз 2026 жыл
- Нәтижені жариялау және қажетті құжаттарды толтыру: 30 наурыз - 04 сәуір 2026жыл.
- Қорытынды нәтижесін хабарлау: 30 сәуір 2026 жыл.
Құжаттардың тізімі:
Студенттер үшін:
- 1- Транскрипт
- 2- Сертификат В2, С1 деңгейінде (бар болған жағдайда емтиханның 1-ші кезеңінен босатылады)
- ЕСКЕРТУ: «Юнус Эмре В2, С1», «IELTS В2», «TOEFL В2», Университетіміздегі «Лингвистикалық орталықтан В2» деңгейіндегі сертификаттар ғана жарамды.
Оқытушы-профессорлардың ұтқырлығы жайлы:
- 1- Ғылыми дәрежесінің болуы;
- 2- Сертификат В2, С1 деңгейінде (Түркия, Азербайжан, Венгрия елдеріне бару үшін);
- ЕСКЕРТУ: «Юнус Эмре В2, С1», «IELTS В2», «TOEFL В2», Университетіміздегі «Лингвистикалық орталықтан В2» деңгейіндегі сертификаттар ғана жарамды.
Тіркелу талаптары:
- Жалпы орташа үлгерім бағасының ең кемі 2,75-4,0 болуы қажет.
- Дайындық факультетінде білім алушылар және жалпы бітіруші курс білім алушылары бағдарламаға қатыса алмайды.
- Білімгерлердің ұтқырлығы 1немесе 2 академиялық кезең.
- Оқытушылардың ұтқырлық мерзімі бір оқу жылы ішінде бір рет қана, кемінде 2 апта, ал ең көп дегенде бір семестр болуы мүмкін.
- Оқытушылардың атқаратын академиялық жұмыстары аптасына жалпы 6 сағаттан кем болмауы тиіс.
- Соңғы 3 жылда Орхун ұтқырлық бағдарламаларына қатыспаған болуы керек.
«B013 – Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XVIІІ Республикалық пәндік олимпиадасы
26-27 наурыз күндері Биология кафедрасы / «Ботаникалық бақ» ғылыми-зерттеу институты тарапынан «АГРОБИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРІ» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми - теориялық конференциясы ұйымдастырылып отыр.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорт факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Заң факультеті мен Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды 