ҒАЛЫМНЫҢ ҒИБРАТТЫ МҰРАСЫ – ҒЫЛЫМҒА АПАРАР ЖОЛ
Бүгін университетімізде Ғылым айлығы аясында, сондай-ақ 12-сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай Жаратылыстану ғылымдары факультетінің ұйымдастыруымен «Ғалымның ғибратты мұрасы – ғылымға апарар жол» атты ғылыми дөңгелек үстел өтті. Жиын физика және математика ғылымдарының докторы, профессор Дулат Жұмабаевтың 70 жылдығына арналып, таңдамалы ғылыми еңбектері жинағының тұсаукесері болды.
Дулат Жұмабаевтың рухы мен ерен еңбектеріне арналған жиынға еліміздің физик-математик ғалымдары, ғалымның көзін көрген игі жақсылар мен отбасы, оқытушы-профессорлар, студенттер қатысты.
Іс-шараны ашып беру үшін алғашқы сөз тізгінін алған Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Жәнібек Исабеков баршаны 12-сәуір – Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады.
«Ғылымды зерттеу – адамзаттың ортақ мұрасы. Сондай-ақ, біз атап өтуге міндетті маңызды құндылық. Ғылыми зерттеулер қоғамның дамуы үшін аса маңызды. Бүгін біз ғылым әлемінде жұмыс істейтін әрбір адамның үлесін атап, алғыс айтуымыз керек. Ғалымдарымыз әлемді өздерінің жаңалықтарымен және өнертабыстарымен өзгертеді. Қазақстанның ғылым саласындағы тұлғалары елімізді халықаралық деңгейде танытып, болашақ ұрпақты шабыттандырады»,- деді Жәнібек Исабеков.
Сонымен қатар, профессор Дулат Жұмабаевтың қалдырған мол мұрасы мен ғылыми еңбектерінің маңызына тоқталды.
Жиында ғалымның зерттеулері, жаңалықтары мен адамгершілік асыл қасиеттері айтылды. Университет қабырғасында жүріп, жастармен жұмыс істеуі, ғылым кандидаттарын дайындауы сияқты өзге де өнегелі істері айтылды. Қонақтар ғалыммен бірге өткен уақыттар мен ыстық естеліктерімен бөлісті.
Келесі кезекте, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ф.м.ғ.д., профессоры Қордан Оспанов «Сингулярлы эллиптикалық теңдеудің шешілу шарттары туралы» баяндамасын оқыды. Сондай-ақ, жиында: Параметрлеу әдісін қолдану арқылы жергілікті емес шекаралық есептерді зерттеу, Регулярлы шектік шарттары бар құрама типті үшінші ретті теңдеулердің меншікті мәндері туралы және т.б маңызды тақырыптар қозғалды.
Іс-шарада Дулат Жұмабевтың ғылыми және қоғамдық қызметтері жайлы кең ақпараттар беріліп, таңдамалы ғылыми еңбектері жинағының тұсаукесерімен аяқталды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 