«AI-JAN» ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
Бүгін университетімізде Коммерцияландыру офисі жүзеге асырып отырған YASAWI STARTUP бағдарламасы аясында әзірленген AI-Jan жобасының таныстырылымы өтті. Аталған жоба мектеп оқушылары мен студенттерге эмоционалдық күйзеліс кезінде көмек көрсетуге және буллингтің алдын алуға бағытталған.
Басқосудың негізгі мақсаты – оқушыларға психологиялық қолдау көрсетуге және буллингтің алдын алуға бағытталған AI-Jan қауіпсіз онлайн-платформасын білім беру және құқық қорғау ұйымдарының өкілдеріне таныстыру, сондай-ақ білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылау.
AI-Jan – білім беру ұйымдарындағы буллинг, психологиялық қысым, әлеуметтік оқшаулану, құқықбұзушылық тәуекелдері мен суицидтік қауіптерді ерте анықтауға арналған профилактикалық цифрлық платформа. Жобаның басты ерекшелігі – толық анонимді хабарлама қалдыру мүмкіндігі және тәуекелдерді жасанды интеллект арқылы талдау.
Жиынға Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров, Түркістан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Аян Ақбердиев, Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов, университет ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілі м.а. Нажи Генч және өзге де жауапты тұлғалар қатысты.
Таныстырылым барысында жобаның Түркістан облысының мектептері мен колледждерінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны айтылып, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктері мен профилактикалық жұмысты жүйелеудегі маңызы таныстырылды.
Жоба жасанды интеллект негізіндегі талдау арқылы тәуекелдерді ерте кезеңде айқындауға, жасырын қауіптердің алдын ала байқалуына және жауапты мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды нақты уақыт режимінде үйлестіруге бағытталды.
Аталған бастама білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыруға, балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге және буллинг пен өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді.
«B013 – Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XVIІІ Республикалық пәндік олимпиадасы
26-27 наурыз күндері Биология кафедрасы / «Ботаникалық бақ» ғылыми-зерттеу институты тарапынан «АГРОБИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРІ» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми - теориялық конференциясы ұйымдастырылып отыр.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорт факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Заң факультеті мен Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды 