ҚАДІР ТҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ ДЕПУТАТТАРМЕН БІРГЕ АУЫЗАШАР ӨТТІ
Он екі айдың сұлтаны саналатын қасиетті Рамазан айының Қадір түні қарсаңында оқу ордамыздың асханасында ТҮРКПА делегациясының қатысуымен ауызашар дастарханы жайылды.
Игі шараға ТURKPA делегация мүшелері Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаттары Тахир Акююрек, Филиз Кылыч, Кадим Дурмаз, сонымен қатар TURKPA Хатшылығының Сыртқы байланыстар және протокол департаментінің қызметкері Еркан Дурдулар, TURKPA Комиссиясының хатшысы Кадир Яман, Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Левент Гүржан да қатысты.
Университет ректоры Жанар Темірбекова TURKPA Халықаралық ұмйымының делегациясына: «Құрметті қонақтар! Киелі Түркістан жеріне, соның ішінде университетімізге қош келдіңіздер! Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!»-деп, тілегін жеткізді.
Айта кетейік, университетімізде Рамазан айының құрметіне орай 30 күн бойы тегін ауызашар ұйымдастырылып, оған қазақстандық және түркиялық мекемелер мен қайырымдылық қорлары демеушілік етеді.
Ақ дастархан басында бас қосқан ТURKPA делегациясы игі шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ауызашардан дәм татуға мүмкіндік жасап, сый-құрмет көрсеткендері үшін алғыстарын айтты.
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
# 19. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды 