ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Бүгін университет ұжымы Наурызнама онкүндігі аясында, 20 наурыз – Ұлттық спорт күнін кең көлемде атап өтті. Айтулы іс-шараны Спорт-сауықтыру орталығы мен Спорт факультеті бірлесе ұйымдастырды.
Басты мақсат –ұлттық құндылықтарымыздың ажырамас бөлігі саналатын ұлттық ойындарды дәріптеу.
Айта кетейік, спорттық шараға оқытушы-профессорлар құрамы мен 100-ден астам студент қатысты. Студенттер садақ ату, асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу, қыздар және ұлдар арасында қол күресі, гір тасын көтеру, белдесу, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті.
Спорттық іс-шара барысында Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов қатысушыларды айт мерекесімен құттықтап, ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызына тоқталды. Ол: «20 наурыз –Ұлттық спорт күні. Осы орайда оқу ордамызда спорттық шараларды ұйымдастырған барша спорт жанашырына алғысымды білдіремін. Ұлттық ойындарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – ортақ міндетіміз», – деді.
Келесі кезекте Спорт факультетінің деканы Ермек Ергешұлы мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақыпбек Айдарбекұлы да ақ тілектерін арнады.
Спорттық додалар тартысты, әрі қызықты өтті. Студенттермен қоса, факультет оқытушылары да ойындарға қатысып, күш сынасты. Арқан тартып, қара күштің иелерін анықтады. Бұл ойынды ойнаған студенттер де қуанышқа бөленіп, білек күшін көрсетті. Боз кілемде белдесіп, қол күресіп, әрі тоғызқұмалақ ойынында ой жүрігін анықтаған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бірі садақ атып, мергендік танытса, бірі гір тасын көтеріп, көптің қошеметіне бөленді.
Осылайша, рух пен еркіндік, күш пен бірлік көрініс тапқан алаң спорт сүйер қауымды жігерлендірді. Ұлттық ойындар арқылы жастардың бойында дәстүрге деген қызығушылық пен құрмет нығая түсті.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 