КӨРНЕКТІ АРХЕОЛОГ МАРАТ ТҰЯҚБАЕВТЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Университетімізде белгілі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, ғалым Марат Тұяқбаевтың 70 жасқа толуына арналған «Сырдария өңірінің археологиялық мұрасы: зерттелуі мен нәтижелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Тағылымды жиынды оқу ордамызбен бірге Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты мен «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы бірлесе ұйымдастырды.
Халықаралық конференцияға еліміздің және алыс-жақын шетелдердің жетекші ғалымдары мен сала мамандары қатысып, Сырдария өңірінің археологиялық мұрасын зерттеу, сақтау және ғылыми айналымға енгізу мәселелерін талқылады. Маңызды жиынға Өзбекстан, Ресей, Татарстан және Қырғызстаннан келген зерттеушілер де қатысып, археология саласындағы өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Конференция барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова мерейтой иесіне құттықтау хат жолдап, жиын жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүкенбаев, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғарұлы, Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Көпжасар Жетібаев және профессор Зайнолла Самашев пен профессор Александр Подушкин де ғалымды құттықтап, ғылыми еңбектеріне табыс тіледі.
Конференция аясында Марат Тұяқбаевтың «Түркістан шұратының қалалары мен қоныстары (б.д.д. VI ғ. – б.д. XIX ғ.)» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Сондай-ақ, конференция баяндамалар мен материалдардың жеке ғылыми жинағы жарық көрді.
Басқосу аясында «Балалық арманнан – ғылымның шыңына» атты көрме ұйымдастырылып, ғалымның өмірі мен еңбек жолына арналған фотокөрме, сондай-ақ археологиялық зерттеулер барысында табылған құнды жәдігерлер ұсынды.
Халықаралық конференция Марат Тұяқбаевтың ғылым жолындағы өнегелі еңбегін ұлықтап қана қоймай, археологиялық мұраны зерделеу бағытындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға жол ашты.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 