УНИВЕРСИТЕТ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БУХАРАДА ӨТІП ЖАТҚАН ТҮРКІ ӘЛЕМІ ГЕОГРАФТАРЫНЫҢ III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСУДА
2026 жылғы 25–27 наурыз аралығында Бухара мемлекеттік педагогика институты базасында өтіп жатқан Түркі әлемі географтарының III Халықаралық конгресі өз жұмысын жоғары деңгейде бастады.
Аталған халықаралық форумға университетіміздің басшылығы бастаған делегациясы қатысуда. Делегация құрамында Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек, ректор Жанар Темірбекова, вице-ректор Мустафа Гиритлиоглу, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамы бар .
Айта кету керек, түркі әлемінің географтары бас қосатын бұл халықаралық форумның алғашқы конгресі біздің университет базасында ұйымдастырылса, екінші конгресс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында табысты өтті. Осылайша, дәстүрлі сипат алған ғылыми жиын биыл Бухара қаласында жалғасын табуда.
Халықаралық ғылыми іс-шара — география ғылымының өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды алаң. Конгресс жұмысына Түркі әлемінің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен жүзге жуық ғалым қатысуда. Олар тұрақты даму, жаһандық климаттың өзгеруі, экологиялық мәселелер және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану сияқты қазіргі заманның маңызды тақырыптары бойынша пікір алмасады.
Форум аясында ғылыми пікірталастар ұйымдастырылып, қатысушылар өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп жатыр. Бұл өз кезегінде география саласындағы өзекті мәселелерді кешенді түрде қарастыруға және ортақ шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.
Конгресс өзара тәжірибе алмасу мен халықаралық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін тиімді диалог алаңына айналды. Түркі әлемі географтарының бұл басқосуы бауырлас елдердің ғалымдарын біріктіріп, ортақ географиялық, экологиялық және туристік мәселелерді талқылауға жол ашады.
Іс-шара аясында тұрақты даму, климаттың өзгеруі, экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және өңірлік даму мәселелері жан-жақты қарастырылып, ғылыми зерттеулерді дамыту, білім беру жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізу және халықаралық академиялық байланыстарды нығайту бойынша нақты ұсыныстар әзірленуде.
Аталған конгресс ғылыми қауымдастық арасындағы өзара ықпалдастықты арттырып, жаңа бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға серпін беретін маңызды халықаралық платформа ретінде маңызға ие.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 