АХИЛІК СТЕНДТЕРІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Бүгін «Қожа Ахмет Ясауи ізімен қолөнершілер (ахилік)» атты Халықаралық мәдени және ғылыми симпозиум аясында Ахилік стендтерінің ашылуы өтті.
Көрменің басты мақсаты – түркі әлемінің ортақ құндылықтарын академиялық, мәдени және қоғамдық қырларынан жан-жақты қарастыру, сондай-ақ рухани мұраны жаңғыртып, ұрпақ сабақтастығын нығайту.
Ашылу барысында 20-ға жуық қолөнерші өз туындыларын ұсынып, арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеде түркі халықтарының бай мәдени мұрасы мен дәстүрлі қолөнерінің сан қырлы үлгілері кеңінен таныстырылды.
Көрменің ашылу лентасын «AK Parti» (Әділет және даму партиясы) төрағасының орынбасары, Түркі мемлекеттерімен байланыс жөніндегі төрағасы, Анкара қаласының депутаты, профессор, доктор Күршад Зорлу, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, университетіміздің Өкілетті кеңесінің мүшесі, профессор, доктор Дархан Қыдырәлі, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Түркия Республикасы Сауда министрінің орынбасары Махмут Гюржан, Түркияның Астана қаласындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мустафа Капучу, университетімізідің Өкілетті кеңесінің төрағасы Мухиттин Шимшек, ректорымыз Жанар Темірбекова қиды.
Көрмеде шеберлер ағаштан жасалған балалар ойыншықтары, ұлттық нақыштағы киімдер, ер-тұрман бұйымдары, сондай-ақ ағаштан, былғарыдан және басқа да табиғи материалдардан жасалған түрлі бұйымдарды көпшілік назарына ұсынды. Әрбір туындыдан шебердің еңбегі мен ұлттық рух, ата-баба мұрасына деген құрмет айқын сезілді.
«Ахилік» – тек қана қолөнершілер ұйымы емес, сонымен қатар адалдық, адал табыс, қоғамдық ынтымақ, бауырластық және кәсіби әдепке негізделген қуатты өркениеттік модель.
Бұл көрме тек бұйымдарды таныстыру ғана емес, сонымен қатар түркі елдері арасындағы мәдени байланысты арттырып, дәстүрлі қолөнерді дәріптеуге бағытталған маңызды алаң болды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы, Дінтану кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті даму және үйлестіру департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 