ОҚУ ОРДАМЫЗДА АЙМАҚТЫҚ «СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫ» БАСТАЛДЫ
Бүгін университетімізде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен ЖОО студенттері арасында оңтүстік аймақтық «Студенттік спорт лигасы» басталды.
Студенттік спорт лигасының мақсаты – жастар арасында спор мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ареналарда еліміздің намысын қорғайтын спортшылар қатарын арттыру.
Спорттық додаға Түркістан, Тараз, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының студенттері қатысып жатыр. Жалпы 15 университеттің спортшылары 7 спорт түрінен өзара мықтыны анықтайды.
Оқу орнымызда тоғызқұмалақ, қазақ күресі, баскетбол, футзал, үстел теннисі түрлері бойынша жарыстар өтеді.
Бүгін сайыстың алғашқы ойындары қазақ күресі және тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша өтті. Нәтижесінде, қазақ күресінен балуан қыз-жігіттер құрамасы жеңімпаз атанып, финалдық ойынға жолдама алды.
Сондай-ақ, университет студенттері тоғызқұмалақ бойынша да аймақтық кезеңнен өтті.
Жеңімпаздарды Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов арнайы құттықтады.
Айта кетейік, бұған дейін Туризм және меймандостық университетінде өткен шахмат зияткерлік ойыны сәтті аяқталып, спортшыларымыз ақтық кезеңге жолдама алды.
Алдағы уақытта өзге спорт түрлерінен бақ сынайтын университет студенттеріне сәттілік тілейміз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы, Дінтану кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті даму және үйлестіру департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 