УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ СТУДЕНТТЕРІ ТҮРКИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ
Оқу ордамыздың 20 студенті жуырда Түркия Республикасында ұйымдастырған білім беру және мәдени таныстыру бағдарламасына қатысты.
Аталған бағдарлама университетімізде түрік тілі деңгейін анықтау нәтижесі бойынша жоғары көрсеткішке ие болған студенттерге арналды.
Бұл сапардың мақсаты – студенттердің түрік тілін меңгеруге деген ынтасын арттыруға, олардың академиялық әлеуетін дамытуға және Түркі дүниесі жастары арасындағы өзара байланысты нығайту.
Сапар барысында қатысушылар Түркияның Анкара, Невшехир және Ыстанбұл қалаларында болып, елдің тарихи-мәдени мұрасымен, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Бағдарламаның алғашқы кезеңі Түркия астанасы Анкара қаласында өтті. Студенттер Ұлттық кітапхана, Ататүрік кесенесі (Анытқабір), Анкара қамалы және Хамамөнү тарихи аймағын аралады.
Сапар аясында студенттер тек мәдени мұралармен ғана емес, білім беру мекемелерімен де танысып, Гази университетінің кампусында болды.
Сондай-ақ, Өкілетті кеңес басқармасына арнайы да арнайы сапар ұйымдастырды.
Сапардың келесі кезеңінде қатысушылар Невшехир қаласында орналасқан Каппадокия өңіріне барып, оның бірегей табиғи және мәдени ерекшеліктерін тамашалады.
Бағдарлама Ыстанбұл қаласында жалғасып, студенттер тарихи түбек, Еминөнү, Босфор бұғазы, Бешикташ, Ортакөй, Галата, Таксим, Үскүдар, Қыз мұнарасы және Бейкөз Отағтепе Фатих тоғайы сынды көрнекті орындарды аралады.
Бұл тағылымды сапар ортақ мәдени құндылықтарды терең түсінуге, бауырластық қарым-қатынасты бекемдеуге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосты.
Сапар қорытындысында студенттер бағдарламаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен Өкілетті кеңес басқармасына және университет басшылығына алғыстарын білдіріп, мұндай бастамалардың олардың білім көкжиегін кеңейтуге зор ықпал еткенін атап өтті.
Оқу ордамызда алдағы уақытта да студенттердің халықаралық тәжірибесін арттыруға, мәдени ықпалдастықты нығайтуға және Түркі әлемі жастарын ортақ құндылықтар аясында біріктіруге бағытталған жобаларды жүйелі түрде жалғасады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 