«ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАРИХЫ – КӨНЕ КАРТАЛАРДА» АТТЫ АШЫҚ ЛЕКЦИЯСЫ ӨТТІ
Іс-шараға Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түркменстан елдерінен арнайы келген ғалымдар, облыстағы мектептердің оқытушылары, университет басшылығы, ұжым мен студенттер қатысты.
Университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова лекция басталмас бұрын, Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың еңбегі мен оның бүгінгі таңдағы, қазақ тарихындағы маңызы туралы сөз қозғады.
Келесі кезекте, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров Түркі әлемінің бірінші Халықаралық география конгресін ұйымдастырушыларға және де университет ректоры Жанар Темірбековаға алғысын білдірді. Бұл жиын тек ғылыми іс-шара емес, үлкен мейрам екенін тілге тиек етті.
Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы – тұңғыш рет әлем карталарында қазақ мемлекетінің белгіленгенін анықтаған ғалым. Анықтап қана қоймай, XV–XIX ғасырларда Европа және Америка елдері қазақты танып, картаға таңбалаған деген тұжырымын жасаған зерттеуші.
Еске салайық, былтыр университетімізде Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлының қолдауымен «XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы қазақ мемлекеті» атты галерея ашылған болатын. Галереяда ғалымның «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы қазақ мемлекеті. Атлас» кітабының зерттеу нәтижесінде жинақталған қазақ карталары қойылды.
Бүгінгі лекция кезінде ғалым қазақ халқының карталарын іздеу барысындағы қиындықтары, әр картаның өзіндік тарихын, шетел тарихшыларының ерте ғасырлардағы «қазақ» атауын қолдануы, баламалары мен карта сызу мақсаттары сияқты өзге де маңызды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, тек қазақ карталарын жинаумен шектелмей, оның тарихын, әр картаның өз дәуіріндегі Қазақ хандығы мен елінің өмір салты, мәдениеті мен саясаты, әлеуметтік-экономикалық ахуалы сынды барлық бөлімдерін зерттеген.
Зерттеуші Қазақстанның көне карталардағы орнын анықтаған кітапты жазу үшін 15 жылдан астам уақытын Еуропадан Америкаға дейінгі әлемнің әртүрлі елдерінің кітапханалары мен мұрағаттарында өткізген. Қазақ елінің үздіксіз мемлекеттілігінің тарихы, оның айғақтары мен артефактілері Корольдік мұражайларда, ғылыми кітапханаларда және Брюссель, Амстердам, Лондон, Берлин, Париж, Вена, Рим, Варшава, Люксембург, Лиссабон, Прага, Эдинбург, Дублин, Краков, Вроцлав коллекцияларында, сондай-ақ Азияның жетекші картографиялық коллекцияларында Таяу Шығыстан Қытайға дейін және Оңтүстік-Шығыс Азияға дейін сақталғанын дәлелдеп отыр.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 