2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес Орхун академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университетімізде халықаралық ынтымақтастықты нығайту және білім беру үдерісін жетілдіру бағытында бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды
2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес Орхун академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университетімізде халықаралық ынтымақтастықты нығайту және білім беру үдерісін жетілдіру бағытында бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды.
Аталған бағдарлама негізінде Түркия Республикасы-ның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Стамбул Тижарет университеті-нен білікті профессор-оқытушылар, атап айтқанда Саадеттин Аксой және Сибкат Качтыоглу академиялық сапармен университетімізге келді.
Сапар барысында шетелдік ғалымдар Инженерия факультетінің студенттері, магистранттары мен докторанттарына арналған дәрістер мен семинарлар өткізді. Дәрістер барысында инженерия саласындағы заманауи ғылыми бағыттар, инновациялық технологиялар, сондай-ақ халықаралық тәжірибелер кеңінен қамтылды. Білім алушылар өз кезегінде шетелдік профессорлардың дәрістеріне белсенді қатысып, кәсіби білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамы арасында ғылыми-әдістемелік кездесулер, дөңгелек үстелдер мен тәжірибелік семинарлар ұйымдастырылып, онда білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, сондай-ақ халықаралық академиялық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды. Өзара тәжірибе алмасу нәтижесінде тараптар арасында болашақта бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және академиялық ұтқырлықты дамыту бағытында нақты ұсыныстар мен келісімдер қалыптасты.
Аталған іс-шаралар университетіміздің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға, білім беру сапасын жақсартуға және білім алушылар мен оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға зор ықпал етеді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 