УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫСЫ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ КУБАНЫЧБЕК ӨМІРӘЛИЕВПЕН КЕЗДЕСТІ
Оқу орда ректоры Жанар Темірбекова Түркия Республикасына жасаған іссапары барысында Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевпен кездесті.
Кездесу барысында түркі мемлекеттері арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын арттыру, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу бастамаларын ілгерілету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Түркі университеттер одағының (TURKUNIB), оның ішінде Орхун алмасу бағдарламасының түркі әлемінде білім беру интеграциясын тереңдету мен ортақ академиялық кеңістік қалыптастырудағы маңызды алаң ретіндегі рөліне тоқталды. Осы орайда, ректор Жанар Темірбекова оқу ордамыздың Орхун бағдарламасы бойынша ұсыныстары мен ақпаратын ортаға салды.
Кездесу барысында алдағы уақыттары Түркістан қаласында өтетін маңызды халықаралық саяси жиындар туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, түркі мемлекеттері Президенттерінің бейресми саммиті және маусым айында өтетін министрлердің кездесуі жайлы ой өрбітті. Ректор Ахмет Ясауи университетінің қашанда Қазақстан мен Түркі дүниесі үшін маңызды жиындарға баса назар аударатынын, онда аталған шешімдерге белсене атсалысып, өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында жұмыс істеп келе жатқанын жеткізді. Бұл қолдау ғана емес, түркі жұртының ортақ білім шаңырағына айналған университетіміздің парызы екенін атады. Алда өтетін саяси жиындарда айтылатын ой мен ұсыныстар аясында да белсенділік танытатынын баса айтты.
Басқосу соңында ректор Жанар Темірбекова өзін арнайы қабылдап, ыстық лебізін білдіріп, бауырластықтың озық үлгісін көрсеткен Қубанычбек Өмірәлиевке алғыс айтты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 