СТУДЕНТТЕРІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЕҢ ҮЗДІК СТАРТАП ЖОБА ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Орталық Азия инновациялық университетінде «Менің арманым» атты жастардың бизнес-жобаларына арналған VIII Халықаралық байқау өз мәресіне жетті.
Аталған байқауға шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен колледж білім алушылары қатысып, өз стартап жобаларын ұсынды.
Нәтижесінде, университетіміздің Өнер, медиа және дизайн факультетінің студенттері — Аружан Самен, Аяулым Шарап, Севара Макамбаева, Аяжан Серікбай және Кәусәр Серікбай бірлескен топ «ЕҢ ҮЗДІК СТАРТАП ЖОБА» иегері атанды.
Байқаудың басты мақсаты – жастар арасынан инновациялық жобаларды анықтап, кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту және бизнеске қызығушылықты арттыру.
Сараптамалық комиссия құрамында Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен бизнес саласының мамандары болды. Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Диас Алисапар және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Шымкент қалалық филиалы директорының міндетін атқарушы Мугазан Канлыбаев қазылық етті.
Байқауға Түркияның Газосманпаша университеті мен еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары қатысып, жалпы 63 жоба ұсынылды. Оның ішінде 15 жоба финалдық кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, жеңімпаз студенттерге бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы Әсел Ерденова жетекшілік етті.
Сонымен қатар, үздік жобалар «Ең үздік бизнес жоба», «Ең үздік болашаққа бағдар жобасы», «Көрермендер таңдауы», «Маркетинг саласындағы үздік стартап», «Жасанды интеллект саласындағы үздік стартап», «Үздік әлеуметтік стартап» және «Қызмет көрсету саласындағы үздік стартап» номинациялары бойынша марапатталды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 