ОҚЫТУШЫМЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Филология факультеті деканының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Сүйінжанова Түркия Республикасының Шетелдегі түріктер және туыс қауымдастықтар төрағалығы қолдауымен жүзеге асырылатын «Түркия стипендиялары» (Türkiye Bursları) бағдарламасының «Зерттеушілерге арналған халықаралық стипендия» иегері атанды.
Аталған бағдарлама – ғылыми зерттеулерді қолдауға бағытталған беделді халықаралық жоба. Бұл жетістік – Жанар Сүйінжанованың ғылым саласындағы жүйелі еңбегі мен кәсіби біліктілігінің көрсеткіші.
Ол – университетіміздің 1999 жылғы түлегі, 2010 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО әзірлеген, деңгейлік «Қазақ тілінің лексика-грамматикалық минимумы» жобасының авторы.
Сондай-ақ, 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландырған «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы: қыпшақтық фактордың лингвистикалық аспектілері» атты ғылыми жобаның зерттеу тобының мүшесі болды.
Университет ұжымы атынан Жанар Сүйінжанова осы маңызды жетістігімен құттықтап, ғылым, білім жолында толағай табыстар тілейміз!
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 