ЖАС ӨРЕНГЕ ҚОЛДАУ: РЕКТОР БАҚДӘУЛЕТ ӘМІРБЕКПЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін университет ректоры Жанар Темірбекова Түркістан қаласының азаматы, дарынды жас Бақдәулет Әмірбекпен және оның анасы Айымжан Турдиевамен кездесті.
Айта кетейік, биыл Түркістанда өткен Наурыз мейрамы кезінде Бақдәулет Әмірбек «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына сұхбат беріп, Президентпен кездескендегі әсерін және сүйікті арнасына сұхбат берген кездегі қуанышын бөліскен еді. Эмоцияға толы бұл бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көрерменнің ерекше ықыласына ие болды. Бүгінде Бақдәулет көпшілікке танымал болып, Астана қаласына арнайы барып, телеэфирде сұхбат беріп қайтты.
Бақдәулеттің ашық мінезі мен ой ұшқырлығы университет басшылығының назарын аударды. Осыған орай, ректор Жанар Темірбекова жас өренді және оның ата-анасын оқу орнына арнайы шақырып, жүздесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Бақдәулет өз өмірі, отбасы, оқу үлгерімі мен қызығушылықтары туралы айтып, болашаққа қойған мақсаттарын бөлісті. Сонымен қатар, «Қазмедиа» орталығына сапары және танымалдылықтан кейінгі өзгерістер жөнінде ашық әңгіме өрбітті.
Айта кетейік, Бақдәулеттің ата-анасы – университет түлектері, ал екі ағасы бүгінде осы оқу орнында білім алуда. Болашақта өзінің де осы университетте оқуы мүмкін екенін де айтты.
Өз кезегінде ректор Жанар Темірбекова жас дарынға жылы лебізін білдіріп, оның болашағына сенім артатынын атап өтті. Университет басшысы талапты жасқа қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізіп, кеңес те берді. Ата-анасына да алғыс білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта балаларға арналған қойылымдарға қатысу мүмкіндігін қарастыруға болатынын айтып, арнайы сыйлық табыстады.
Кездесуден соң, Бақдәулет анасымен бірге университетпен танысып, жаңадан ашылған Медиа студияда сұхбат берді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 