«АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ» АТТЫ ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ
Бүгін оқу ордамызда Филология факультетінің студенттерінің ұйымдастыруымен «Абай тағылымы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Шара ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын тереңірек танып-білуге, оның өнері мен рухани мұрасын дәріптеуге арналды.
Жиында сөз бастаған Түрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі Сенбек Өтебеков:
«Армысыздар, құрметті студенттер мен ұстаздар! Бүгінгі Абай танымдық бағдарламасына, яғни студенттеріміз ұйымдастырып отырған кешке қош келдіңіздер! Абай – таусылмайтын терең әлем. Бүгін бізде ерекше мүмкіндік туып отыр. Мақсат Әліпхан ағайымыз сөз сөйлеп, Абайдың шығармашылығы, оның терең ойлары мен «Толық адам» концепциясы туралы өз ойларын бөліседі», – деді.
Келесі кезекте сөз алған ғылым кандидаты, доцент Мақсат Әліпхан Абайдың шығармаларын талдап, қара сөздерінің терең мәнін түсіндірді.
Сонымен қатар, ол Абай іліміндегі «Толық адам» ұғымына кеңінен тоқталып, оның тәрбиелік және рухани маңызы жайында мазмұнды ойларын бөлісті.
Шара әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Студенттердің орындауындағы ән-күй, көркемсөз және сахналық қойылымдар көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 