«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ: УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ РӨЛІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Филология факультетінде «Ғылым және инновация: университеттердің рөлі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.
Жиынға алыс-жақын шетелдерден және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан келген ғалымдар, зерттеушілер мен сарапшылар қатысты.
Басты мақсат – ғылым мен инновацияны дамытудағы университеттердің рөлін айқындау, зерттеу нәтижелерін талқылау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Жиында, ең алдымен, Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева мен педагогика ғылымдарының докторы Гулфайруз Еркебаева конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Келесі кезекте, Business Innovation бағыты бойынша философия докторы (PhD), WOOSONG University Kazakshstan әкімшілік деканы Джонг Ёнгхва «Цифрлық білім беруде инновациялық сыныпты қалай құруға болады?» тақырыбында маңызды баяндама оқыды.
Конференция барысында өзге де ғалымдар: «Білім беру жүйесінің негізгі бағыттары: Ыбырай Алтынсарин мұрасы және қазіргі білім беру үрдісі», «Жоғары оқу орнында жасанды интеллектті пайдалану саясаты: академиялық адалдық, бағалау және білім сапасын қамтамасыз ету», «Орыс тілі сабақтарында білім алушылардың назарын белсендіру», «Университеттердегі ғылыми баспа ісі және редактордың рөлі» сынды тақырыптарда ой өрбітті.
Айтулы жиын ғалымдарға өзара тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестіктер орнатуға және болашаққа бағытталған маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 