ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАҢА ТӘУЕКЕЛДЕР МЕН ҮРДІСТЕР
Бүгін Экономика және басқару факультетінде Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің оқытушысы, доктор Месут Аслан «Халықаралық қауіпсіздік саласындағы жасанды интеллект пен машиналық оқыту» атты семинар өтті.
Жиында сөз бастаған Месут Аслан: «Құрметті оқытушылар мен студенттер! Құшақ жая қарсы алғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Қазақстанды ерекше ұнаттым. Ал, бүгін өздеріңізге жасанды интеллект пен халықаралық қауіпсіздік алаңындағы оның орны туралы кеңінен ақпарат беремін деп ойлаймын»,-деді.
Спикер, ең алдымен, қатысушыларға жасанды интеллекттің не екенін түсіндірді. Әсіресе, жасанды интеллектің қалай пайда болғаны мен қалай жұмыс істейтіні жайлы тың ақпаратпен бөлісті. Қазіргі таңда адамдар арасында қалыптасқан «Жасанды интеллекттің – өзіндік санасы бар. Өзі ойлап, сұрақтарға жауап береді. Адам сияқты көрінеді» деген қате пікірлерді талқылады. Жасанды интеллект – адамдар ойлап шығарған арнайы бағдарлама екенін айтты. Күнделікті қолданатын бағдарламаларға қарағанда жүйесі тым терең, әрі күрделі болуымен ғана ерекшеленетінін жеткізді. Қатысушыларға мысалдар арқылы түсіндіріп, өзекті ойын ортаға салды.
Сондай-ақ, семинар барысында жасанды интеллекттің соғыс алаңдарындағы рөлі және оған байланысты тәуекелдер жан-жақты талқыланды. Аталған технологияның көріністерді адамға тән түсінікпен емес, деректер жиынтығы ретінде өңдейтіні, сондай-ақ оның мақсатты жарнамадан бастап, әскери операцияларға дейінгі эволюциясы сараланды.
Доктор Месут Аслан сараптамалық деректерге сәйкес, заманауи әскери жүйелер нысаналарды анықтау жылдамдығын сағатына 1000 деңгейіне дейін жеткізіп, әрбір нысанды адам тарапынан тексеру уақытын 3,6 секундқа дейін қысқартқанын атады. Бұл үрдіс әскери қызметкерлердің рөлін қайта қарастырып, оларды машиналық шешімдерді бекітуші пассивті буынға айналдыру қаупін арттыратынын жеткізді.
Сонымен қатар, автоматтандырудың ықтимал салдары ретінде жаңартылмаған деректер негізінде азаматтық нысандардың қате сәйкестендірілуі сияқты тәуекелдерін түсіндірді.
Жиын соңында қатысушылар спикерге жасанды интеллект пен халықаралық қауіпсіздік алаңында сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 