«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ МЕН ТІЛДЕРІ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Филология факультетінде «Түркі мәдениеті мен тілдері» апталығы - 2026 ашылуы өтті. Шара аясында «Түркі өркениеті: тіл, мәдениет және рухани құндылықтар» атты ғылыми-танымдық семинар ұйымдастырылды.
Жиынға Түрік филологиясы кафедрасының оқытушылар мен студенттері және шетелдік қонақтар қатысты.
Семинардың басты мақсаты – түркі халықтарына ортақ тілдердің өзара байланысын анықтау және рухани құндылықтардың маңызын кеңінен насихаттау. Қазақстандағы түркология саласында, әсіресе сөз төркінін зерттеуге бағытталған кітаптардың санын арттыру.
Жиында сөз бастаған Түрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі Сенбек Өтебеков:«Ахмет Байтұрсынұлы мен Фуад Көпрүлү сынды көрнекті тұлғалар түркі тілі мен мәдениетінің өзекті бағыттарын айқындағаны белгілі. Алайда, кеңестік кезеңдегі саяси жағдайларға байланысты бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасы үзіліп қалды»,-деді.
Сондай-ақ, осыдан бір ғасыр бұрын өткен Баку құрылтайының маңызын атап өтті.
Бұдан кейін PhD Жұмағали Ибрагимовтың «Көне түркі тілі және қазақ диалектілері сөздік қорының тарихи сабақтастығы» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Ғалымға университет атынан алғыс хат табысталды.
Семинар барысында Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінен арнайы шақырылған профессорлар баяндама жасады. Атап айтқанда, доктор, доцент Лола Аминова Түрік жазушысы Яшар Кемалдың «Yılanı Öldürseler» («Жыланды өлтірсе») романындағы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды өзбек дәстүрлерімен салыстыра зерттеу нәтижелерін бөлісті.
Сонымен қатар, доктор, доцент Зебо Салимова түрік тіліндегі өсімдік атаулары арқылы адамның сырт келбеті мен мінез-құлқын сипаттау ерекшеліктерін талдаса, доктор, доцент Шахноз Каримова психологиялық талдаудың теориялық негіздері мен олардың түрлі тәсілдер арқылы интеграциялануын қарастырды.
Ал университетіміздің доценті, «Түркология» ҒЗИ директоры Халил Четин «Мәдени сабақтастықтағы рухани құндылықтардың рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Шара барысында түркология және этимология мәселелеріне ерекше назар аударылып, бұл салада жаңа ғылыми еңбектерге сұраныс жоғары екені айтылды.
Жиын соңында спикерлер түркі өркениетінің қалыптасуы, тілдің ұлт болмысындағы орны және мәдени сабақтастық мәселелері төңірегінде ой қозғап, қатысушылармен пікір алмасты.
Айта кетейік, биыл бұл апталық алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оның аясында бірқатар мазмұнды іс-шаралар жоспарланған. Ұйымдастырушылар бұл бастама студенттердің ғылыми ізденістеріне тың серпін береді деген сенім білдірді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 