ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ҮНДЕСТІГІ: ӨЗБЕК ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Бүгін оқу ордамыз бен Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институты арасындағы шығармашылық байланыс аясында мәдени іс-шара өтті.
Атап айтқанда, Өнер, медиа және дизайн факультетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өзбекстандық өнерпаздар ұлттық нақыштағы концерттік бағдарлама ұсынды. Бауырлас мемлекеттен келген делегация қатарында оқытушы-профессорлар мен студенттер де бар.
Іс-шараны бастау үшін сөз тізгінін алған Өнер, медиа және дизайн факультетінің деканы Дархан Елжанов: «Құрметті әріптестер, сүйікті студенттер! Бүгін университетімізге көрші мемлекеттен, белгілі Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының ұстаздары мен шәкірттері арнайы келіп, қонақ болуда. Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына іссапармен барған еді. Бүгін ол жақтан арнайы ат басын бұрған бауырлас әріптестеріміз бен жастарды қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Әріптестеріміз өзбек халқының ұлттық аспаптарында ойнап, таныстырып, қыр-сырын үйретуге ниеттеніп келді. Сондықтан, оларға ерекше алғыс айтамыз!»,-деді.
Концерт барысында өнерлі жандар өзбек ұлтының ұлттық аспаптары: дутар, сырнай, кошнай, сыбызғы, шаңқобыз, дойра сияқты өзге де аспаптарда өнер көрсетті. Әрбір музыкалық аспапқа жеке тоқталып, олардың шығу тарихы мен құрылымы туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, студенттерге «Түркі аспаптар» пәні бойынша маңызды әрі пайдалы ақпараттар берді.
Қонақтар сахна төрінде тек өзбек халқының ғана емес, қарақалпақ, әзірбайжан, түрік, қазақ әндерін орындап, көптің қошеметіне бөленді.
Көрермен қауым, ән тыңдап, құлақ құрышын қандырып қана қоймай, мың бұралған бишілердің биін тамашалады.
Әуелеген ән мен аспаптардың қоңыр үні кештің сәнін кіргізді. Осылайша, іс-шара бауырлас халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтып, студенттердің рухани танымын кеңейтуге үлкен үлес қосты.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 