«ТАБИҒАТ ФАКТУРАСЫ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ
Университетте «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Табиғат фактурасы» атты студенттердің шығармашылық байқауы өтті. Шара Өнер, медиа және дизайн факультетінің Журналистика және Бейнелеу өнері кафедраларының бірлесіп ұйымдастыруымен жүзеге асты. Ботаникалық бақ ғылыми-зерттеу институты қолдау көрсетті.
Байқаудың мақсаты – «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сондай-ақ, студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Өнер, медиа және дизайн факультетінің деканы Дархан Елжанов шараның ашылуында сөз сөйлеп, бұл бастаманың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, күзде бастау алған игі дәстүр өз жалғасын тауып келеді және алдағы уақытта табиғаттың төрт мезгілінде де осындай шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.
Ал Еуразия ұлттық университетінің өкілі Қайрат Сақ екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы атап өтті. Ол студенттердің бірлескен жобаларын жүзеге асыру, соның ішінде екі қала өмірін қамтитын арнайы газет айдарына мақалалар жариялау идеясын ұсынды.
Сонымен қатар, Ботаникалық бақтың директоры Бекзат Мырзабеков қатысушыларға ізгі тілектерін білдірсе, Журналистика кафедрасының меңгерушісі Балзия Баешова студенттерге сәттілік тіледі.
Байқауға қатысқан студенттердің ғылыми жетекшілері қатарында Журналистика кафедрасының оқытушысы Ғалымжан Тәжібек пен Бейнелеу өнері кафедрасының оқытушысы Рысымбет Ержан болды.
Шараның ерекшелігі – пәнаралық форматта ұйымдастырылуы. Журналистика мамандығының студенттері түсірген фотосуреттер негізінде Бейнелеу өнері мамандығының студенттері майлы бояумен табиғи көркем туындылар салды. Осы жұмыстардың үйлесімі арқылы үздік шығармалар анықталды.
Қатысушылар табиғат элементтерін пайдалана отырып, ерекше әрі мазмұнды туындылар ұсынды. Қонақтар көрмеге қойылған жұмыстарды тамашалап, әр туындының идеясы және мазмұнымен танысты. Әсіресе, фотосуреттер және майлы бояумен салынған картиналардың бір-біріне ұқсастығы көрермендерді таңғалдырды.
Әрбір қатысушы өз жұмысында табиғаттың әсемдігін түрлі түстер арқылы жеткізе білді. Шығармашылық туындыларды оқытушылар, профессорлар, студенттер мен қызметкерлер жоғары бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен олардың жетекшілеріне алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, шара аясында арнайы дефиле көрсетілімі де ұйымдастырылды.
Осылайша, «Табиғат фактурасы» өнер байқауы жоғары деңгейде өтіп, студенттердің экологиялық сана-сезімін арттыруға, табиғатты аялаудың маңызын терең түсінуге зор үлес қосты.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 